Оқыту және оқу Оқу туралы ғылым сабақтары



Pdf көрінісі
бет1/54
Дата27.03.2021
өлшемі0.94 Mb.
#48390
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54
Байланысты:
Өз бетінше үйде оқуға арналған материал



XXI ғасыр дағдыларын 

оқыту және оқу 

 

Оқу туралы ғылым 



сабақтары

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 


 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

XXI ҒАСЫР ДАҒДЫЛАРЫН ОҚЫТУ ЖӘНЕ ОҚУ 

 

Оқу туралы ғылым сабақтары 



 

 

 



 

RAND Corporation. 

 

Сәуір, 2012 ж. 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Анна Росефски Сааведра, RAND Corporation 

 

В. Дарлеен Опфер, RAND Corporation 



 

Бағалы ескертпелері үшін  

Тони Джексонға, Джессике Кихэйзге, Дженнифер Лиге,  

Дэвид Перкинске, Хизер Сингмастерге және Вивьен Стюартқа алғыс білдіреміз.




ОҚЫТУ ЖӘНЕ ОҚУ 

 

АЛҒЫ СӨЗ 

Экономикалық  жаһандану,  халық  санының  артуы  және  технологиялардың  жылдам  өзгеруі 

жағдайында жеке адамдар мен қоғамның алдында жаңа күрделі міндеттер туындады. Қазіргі таңда 

мектептегі білім беру жүйесінде оқушылардың табысқа жетуі үшін қажетті білім және дағдылармен 

қатар,  білім  беру  әдістемелері  мен  осы  білімді  балаларға  оқыту  әдіс-тәсілдері  де  қайта  

қарастырылуда.  Азия  мен  Солтүстік  Америкадағы  қала  мектептерінің  жүйесі  білім  беру  саясаты 

мен  тәжірибесін  реформалау  сатысынан  өтуде  және  олар  білім  беру  саласындағы  ең  өзекті 

міндеттерді шешу үшін қажетті инновацияларды таратушы болып табылады. Бұл өз кезегінде «Азия 

Қоғамы»  коммерциялық  емес  ұйымының  (Asia Society) Солтүстік  Америка  мен  Азиядағы  қала 

мектептерін қорғайтын Жаһандық қалалардың білім беру желісін құруға негіз болды және аталған 

өңірлерде  іс  жүзінде  мемлекеттік  мектептердің  барлық  жүйелері  үшін  ортақ  проблемалар  және 

оларды шешу мүмкіндіктері басты назарда болды. 

Тиімділігі  жоғары  мектеп  жүйелерінің  маңызды  құрамдас  бөлігі  тек  шетелдік  тәжірибеге 

бағдарлану ғана емес, сонымен қатар оларды жүйелі түрде бейімдеу және жергілікті мәдениет пен 

саясатқа енгізу болып табылады. Жаһандық қалалардың білім беру желісі – бұл   қазіргі уақытта 

білім беру жүйесінде кездесетін жалпы проблемалар бойынша халықаралық деңгейдегі шешімдер 

шығару  мен  қабылдауда  Азия  мен  Солтүстік  Америкадағы  педагогтер  мен  жауапты  тұлғалардың 

ынтымақтаса іс-әрекет ету механизмі. 

Жаһандық  қалалардың  білім  беру  желісі  оқу  процесін  қайта  құру  және  әділеттілікке  қол 



жеткізуге  байланысты  нақты  мәселелерді  тереңдетіп  зерттеу, 

жоспарлау  және  шешу  кезеңдеріне 

қатысады.  Әрбір  кезеңге  Жаһандық  қалалардың  білім  беру  желісінің  Симпозиумдарында  білім 

алмасу  және  проблемаларды  шешу,  зерттеулер  жүргізу,  олардың  нәтижелерін  қарастыру, 

тақырыптық зерттеулер, анықтамалық материалдар және кеңестердің жұмыс есептері кіреді. Басты 

міндет  әлемдік  жетекші  мамандардың  зерттеулері  негізінде  тәжірибелік  білімді  дамыту  болып 

табылады.  Олардың  Білім  беру  Желісімен  қамтылған  қалалардағы  жұмыс  істеу  тәжірибесі  қолға 

алынған  қадамдар  мен  болашақ  қадамдарды  көрсетеді,  сонымен  қатар  әлемдік  деңгейде  қала 

мектептері жүйелерінің, Білім беру желісінің тиімділігін арттырады. 

Бұл  есеп  Жаһандық  қалалардың  білім  беру  желісінің  1-ші  Симпозиумына  (Гонконг,  2012 

жыл,  мамыр)  арнап  дайындалды.  Бұл  есепте  ХХІ  ғасыр  дағдыларының  анықтамалары,  сонымен 

қатар оларды неліктен оқыту керек және қалай оқыту керек деген сұрақтар қарастырылады. «Азия 

Қоғамы» коммерциялық емес ұйымы Жаһандық қалалардың білім беру желісіне қолдау көрсеткені 

және  көмектескені  үшін  авторларға  –  Анна  Росефски  Сааведра  мен  В.  Дарлеен  Опферге  (RAND 

Corporation) 

алғыс білдіреді. 

 

Біз Жаһандық қалалардың білім беру желісінің демеушілеріне – JPMorgan Chase Foundation, 



MetLife Foundation, Carnegie Corporation, Pearson Fou

ndation  және  Hewlett  Foundation  алғыс 

айтқымыз келеді.  

 

Біз  бұл  есептер  жинағы  Азия  мен  Солтүстік  Америка  қалаларындағы  және  оқушылардың 



қазіргі әлемде табысқа жетуіне жағдай жасауға ұмтылатын барлық білім беру ұйымдарына пайдалы 

білім мен тәжірибе ұсынады деген үміттеміз.  

 

Тони Джексон 



(Tony Jackson) 

Білім берудің Азия қоғамының  Вице-президенті






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54




©www.melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақтың мақсаты
Сабақ тақырыбы
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
бағалауға арналған
Жалпы ережелер
Сабақ жоспары
Қазақстан республикасы
қызмет стандарты
бекіту туралы
жиынтық бағалауға
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
тоқсанға арналған
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасының
Реферат тақырыбы
арналған тапсырмалар
арналған жиынтық
білім беретін
бағдарламасына сәйкес
Әдістемелік кешені
болып табылады
мерзімді жоспар
бағалаудың тапсырмалары
туралы хабарландыру
Қазақстан тарихы
арналған әдістемелік
пәнінен тоқсанға
республикасының білім
сәйкес оқыту
Қазақ әдебиеті
Мектепке дейінгі
оқыту мақсаттары
қазақ тілінде
нтізбелік тақырыптық
жалпы білім
Жұмыс бағдарламасы
оқыту әдістемесі
білім берудің
Республикасы білім
әдістемелік ұсыныстар
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсан
туралы анықтама
тақырыптық жоспар
мамандығына арналған