Өмірбаяны.  Білім алған ордасы.  Шоқан- манасты зерттеуші.  Шоқан Уәлиханов туралы пікірлер 



Pdf көрінісі
Дата14.09.2021
өлшемі482.83 Kb.
#75503
түріӨмірбаяны
Байланысты:
Ш.Уәлиханов және оның шығармашылығы медфак



Тақырыбы:Ш.Уәлиханов және оның 

шығармашылығы

Орындағандар: Акантаева Жаркынай 

Кенжебаева Адия

Мажит Алмаз

Садуақасова Айнұр

Тексерген: Филос.ғ.к. аға оқытушы Бияздыкова К.А



Жоспары:

Өмірбаяны.



Білім алған ордасы.

Шоқан- Манасты зерттеуші.



Шоқан Уәлиханов туралы пікірлер

Шоқан Уәлиханов шығармалары



Психологияда қалдырған ізі

Психологияға көзқарасы



Шоқан және Абай




Өмірбаяны:

Шоқан (Мұхаммед-Ханафия) Шыңғысұлы Уәлиханов



1835 жылдың қараша айында қазіргі Қостанай облысы, 

Құсмұрын бекінісінде дүниеге келіп, 1865 жылдың сәуір

айында Кербұлақ ауданы, Алтынемел жотасының

етегінде Көшентоған мекенінде дүниеден өтті.

Мұхаммед – Ханафия – кей ресми құжаттарда ғана



жазылатыны болмаса, ол бүкіл ғұмыр кешкен ортасына, 

заманына Шоқан есімімен танылды, жаһан ғылымының

биіктеріне, туған халқының жарқын болашағына ұлы

Шоқан болып, Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов болып

атанды.

Балалық шағы Құсмұрында (әкесі Шыңғыс сұлтан болған



кезде), кейін ата қонысы Сырымбет тауының бауырында

Көкшетауда өткен.  Тегі төре тұқымынан шыққан. Арғы

атасы – Абылай хан. Оның үлкен ұлы Уәли – Шоқанның

бел атасы.

Жастайынан халықтық тарихи өлең-жырларды, аңыз-



әңгімелерді қызыға тыңдайды.


Білім алған ордасы:

1847 жылдың күзінде әкесінің аралас-құралас орыс достарының жәрдемімен Омбыдағы кадет корпусына



қабылданды. «Осы әскери, әмбебап білім беретін оқу орнында Шоқан жетілді, орыс жолдастарын басып озды. Екі-

үш жылдан соң Шоқан өз класындағылардан ғана емес, өзінен екі жас үлкендердің де идея жағынан басып озды» 

деп жазды естелігінде бірге оқыған досы Г.Н.Потанин.

Шоқан 12 жасында Омбыдағы кадет корпусында оқиды. Оқуға әкеліп түсірген адам сол кездегі қазақ істерін



басқарушы комиссияның тілмашы В.И.Добшинский деген кісі болады. Корпустың оқушылары 2 топқа бөлінеді: 

бірі рота, онда тек чиновниктердің, жаяу әскер офицерлерінің балалары оқиды. Екіншісі эскадрон деп аталады. 

Онда тек қана казак-орыстардың балалары оқиды. Шоқанды хан тұқымы болса да эскадронға алады. Эскадронға

қара халық баласы деп кемсітушілік болған. Қандай қиын болғанмен, Шоқанға білім берген ғалымдары: орыс

әдебиеті пәнінің мұғалімі, ориенталист Николай Федорович Костылецкий (1818-1867), жергілікті Сібір

казактарынан шыққан, қазақшаны ана тіліндей білген. Шоқанның әкесі Шыңғыспен казак училищесінде бірге

оқыған. Н.Ф.Костылецкий әскери училищеден кейін Қазан университетінің шығыстану факультетіне түсіп, араб, 

парсы, түрік тілдерін оқып үйренуде ерекше көзге түскен. Н.Ф.Костылецкий Шоқанға Пушкин мен Низами, Гоголь 

мен Фирдоусидің есімін таныстырды, шығыстанушы дәрежесіне жеткізді. 

Шоқан Уәлиханов 1853 жылы Омбы кадет корпусын бітіріп, «атты әскер корнеті» атағын алған соң Шоқан сібір



казак-орыс әскерінің 6-атты әскер полкіне қызметке қабылданды. 1861-1862 жылдары Санкт-Петербург 

университетінің тарих-филология факультетінде дәріс тыңдаған.

Құсмұрындағы ауыл мектебінде оқып, хан тұқымының дәстүрі бойынша араб, шағатай тілдерін жақсы меңгереді.




Шоқан- Манасты зерттеуші:

Шоқан дүние жүзі әдебиеттерін көп оқыған шығармаларына пікір айтқан, зерттеген. Ағылшын, француз, 



неміс, орыс және түрік тілін жетік білген. Шоқан француз халқының ҮІІІғ. Роланды туралы жырын, 

Грецияның «Илладасы» мен «Одессеясын», үндінің «Рамаянасын», кавказдың «нарттарын», қарақалпақтың

«Қырық қызы» мен қырғыздың «Манасын» зерттеп, олардың мазмұнымен толық танысқан.

Шоқан 1856ж. М.М.Хоментовский басқарған экспедицияға қосылады. Экспедиция қырғыз елінің



географиялық жағдайын зерттеп, Ыстық көл аймағын картаға түсіруге тиіс болды. Ғалым осы сапарында

Манасқа назар аударады. Іленің басындағы Манас жорық жасады деген қаланың орнын барып көреді. 

Кейінірек «Манасты» айтушылардан негізгі нұсқасын жазып алып, «Көкетай ханның асы» деген тарауын

алғаш рет орыс тіліне аударады.

«Манас» - бүтін бір халықтың шығармасы, соның көп жылдық творчествосының жемісі – дала 



«Иллиядасы» десе де болғандай деп Шоқан бұл жырды жоғары бағалаған.

Шоқанның айтуынша, Манас ноғайлының Талас пен Шу бойында көшіп-қонып жүрген бір руының биі



Жақып байдың баласы. Манас жыл санап емес, күн санап өседі, он алты жасқа келгенде аты шулы батыр 

болады. Ақ жүзі ақша қардай хан қызы Қаныкейді алғанына місе тұтпайды. Қалмақ ханының шашы

өкшесіне жететін сұлу қызы бар деген хабарды естіп, Манас өзінің қарт әкесін сол сұлуға айттырып келуге

жұмсайды. Хан бұған намыстанып: «Менің қызыма ханның ұлы лайық, сенің ұлыңа бидің қызы лайық» -

деп жауап қайтарады. Жақыптың ұлы жас Манас қалмақтың ханынан қорқып тайсалмайды, сөйтіп ол

қолына қару алып, соғыс бастайды да, ұзын шашты сұлуды күшпен тартып алады. Поэманың жалпы сипаты

міне осындай. 



Шоқан Уәлиханов туралы пікірлер:

Н.И.Веселовский :



«…Шоқан Уалиханов шығыстану әлемінің үстінен құйрықты жұлдыздай

жарқ ете қалды. Орыстың Шығысты зерттеуші ғалымдарының бәрі де 

ерекше бір құбылыс деп танып, одан түрік халықтарының дағдыры туралы

ұлы және маңызды жаңалықтар ашуды күткен еді. Бірақ Шоқанның мезгілсіз

өлімі біздің бұл үмітімізді үзіп кетті»

Кадет корпусында бірге оқыған досы, этнограф-ғалым Т.Н.Потанин:



"Корпуста ой-өрісі, білімі жағынан Шоқан тез өсті, орыс жолдастарын басып

озып отырды. Оған талайлар-ақ, назар аударды. Ол сондай қабілетті еді, 

өзінен екі жас үлкендердің класындағыларды да білім, идея жағынан басып

озды"



П.П.Семенов-Тянь-Шанский:

«Ш.Уалиханов–ұлттық

аймақтардың ішінде ең оқыған,

білімді адамдардың бірі еді»

Н. М. Ядринцев



«Шоқан өз халқын сүюден

айныған жоқ. Оның арманы

–еуропалық ағартушылықты

және халықтық қасиетті сақтау»,

- деп жазды



Шоқан Уәлиханов шығармалары

Шоқанның шығармаларын жинап бастыруда орыс ғалымдарының еңбегі аса зор. Орыс



географиялық қоғамы басып шығарған Шоқан шығармаларына жазған алғы сөзінде

академик Николай Иванович Веселовский:

«Шоқан Уәлиханов Шығыстану әлемінде құйрықты жұлдыздай жарық етіп шыға келгенде, 

орыстың Шығысты зерттеуші ғалымдары оны ерекше құбылыс деп түгел мойындап, түркі

халқының тағдыры туралы онан маңызы зор, ұлы жаңалықтар ашуды күткен еді. Бірақ

Шоқанның мезгілсіз өлімі біздің бұл үмітімізді үзіп кетті!» деп жазды.

Бірақ ол сол аз ғұмырында адам қабілетінің ғажайып мүмкіндіктерін, гуманизмнің биік



өресін, ұлтжандылықтың жалтақсыз үлгісін, ғылыми қабілет пен алғырлықтың қайран

қаларлық өнегесін барша болмысымен, нақтылы іс әрекетімен дәлелдеп үлгерді.

Шоқаннан қалған мұраның бірі бейнелеу өнері туындылары. Олар Шоқанның осы өнер



саласында қазақтың тұңғыш профессионал суретшісі болғанын дәлелдейді. Ғалым негізінен

портрет, пейзаж және халықтың тұрмыс салтын бейнелеумен айналысты. Одан 150—дей

сурет қалған.



Психологияда қалдырған ізі

Шоқан еңбектерінде психологиялық мәселелерге байланысты әр түрлі сипаттағы



деректер баршылық. Осылардың ішінде басқа мәселелерден көбірек сөз болғаны —

халқымыздың ұлттық санасы, оның ішінде өзіндік психологиялық ерекшеліктері

туралы мәселе еді. Қазан төңкерісіне дейінгі Қазақстан тарихы мен этнографиясын

зерттеген шовинистік рухтағы орыс ғалымдарының еңбектерінде халқымыздың

ондаған ғасырлық тарихы бар мәдениетіне қиянат жасалып, тіпті ұлттық

психологиямызға күйе жағылып, екінші сорттағы халық деп келгені белгілі. Осындай

келеңсіз көзқарасқа қыр жағдайында туған халқының ұлттық ар-намысын қызғыштай

қорғап, қазақ халқын "тағы халық" деп қарау мүлде қате, бұл білместіктен айтылған

сөз, халқымыз ертеден елдігі, өзіндік өнері бар, ылғи да көшіп-қонудың салдарынан

оқу-білімнен кенжелеу қалса да, рухани дүниесі бай, прогресс атаулыға ұмтылғыш, 

жаңалыққа бейім халық деп тебіренеді. Ол Шығыстың эпосына емес, индогермандық

эпосқа ұқсайды", — деп ол түйіндей келе, ол қазақтардың рухани байлығын өркениеті

аса бай ірі елдермен төркіндестіре қарайды Шоқан қазақ ақындарының төгілдіре

жырлау қабілетін олардың негізгі ерекшеліктерінің бірі деп бағалады.




Психологияда қалдырған ізі

Шоқан Уәлихановтың пікірінше, халықтық психологиясын көрсететін белгілердің бірі — сол



халықтың тіл байлығы, сөз өнері, шешендік қасиеттері. Ол сөз өнері халық бойына біткен зор

таланттың, керемет қабілеттің, ақындық қуаттың белгісі деп санады. "Халықтың тұрмысы мен 

әдет-ғұрпы, — деп жазды ол, — бәрінен де артық көрініс табады. Өткенді қастерлеу мен 

аңыздардың молдылығы — терістік және Орта Азия көшпелі халықтарының ерекше қасиеті. 

Қазақ тілінде араб тіліндегідей жасама бояу сөздер жоқ, ол нағыз таза тіл". Ғұлама ғалымның

осы пікірлерін кең-байтақ өлкемізде болған орыс, украин, поляк зиялылары да қостайды. 

Шоқанның психологиялық пікірлерінің екінші бір арнасы оның дін жөніндегі толғаныстарымен

астарласып жатады.

Ғұлама ғалым алғашқы адамның қиялы мен діни сенімдері оның табиғатқа тікелей



қатынастарының бейнесі ретінде пайда болғандығын айтады. Шоқан қазақ халқындағы

шамандық ұғымдардың шығу тегін түсіндіргенде де, оның психологиялық жақтарын ашқанда

да, материалистік позицияны берік ұстады. Шоқан туған халқының әдет-ғұрпының түрлі

жақтарын таңдай келіп, қазақ арасындағы кейбір жағымсыз әдеттерді де мейлінше сынап, 

олардың психологиялық астарларына үңіліп, осы айтылғандардың қазақ қауымын ілгері

бастырмай келе жатқан мерездер деп қарады. Мәселен, осындай кінәраттың бірі барымта

екендігін, оны жұрттың көпшілігі баюдың мал жинаудың ең жеңіл әдісі деп қате түсініп

жүргенін баса айтты. Ол мұндай "кәсіппен" айналысқан адамның еңбекке ынтасы болмайды, 

жан-жүйесі жұғымсыз, ұсқынсыз келеді. Белгілі бір кәсіппен айналысу уақытты, зор ынтаны

керек етеді деп дұрыс тұжырымдады. Осылайша ол жастарды сұрқия кәсіптен бойын аулақ

салуға шақырып, осынау жексұрын қасиеттің адамды арамтамақтыққа, еріншектікке

итермелейтінін айта келіп, осы жаман әдеттің сайып келгенде қазақ даласында түрлі кәсіптің

дамуына кедергі келтіретініне тоқталды.



Шоқан Уәлихановтың психологиялық 

көзқарасы

Шоқанның алдына қойған мақсаты өз халқының өмірін және зерттеп, кең даласы мен дарқан



халқын берісі орыс, әрісі Европа жұртшылығына таныстыру еді. Ол қазақтардың рухани байлығын

цивилизациясын аса бай ірі елдермен төркіндестіре қарайды.

Енді бір еңбегінде ол былай деп жазады:



«Түрік тектес халық тардың ішінде поэтикалық қабілеті жағынан қазақ 1-ші орын алады деуге болады. 

Біздің шығысты зерттеуші ғалымдарымыздың арабтар туралы айтқан сөзі қазақтарға дәл келеді. 

Қазақтарда бәдәуилер сияқты жаратылысынан өлеңші және ақын». 

Ш.Уәлихановтың пікірінше, халықардың ұлттық психологиясын көрсететін белгілерінің бірі – сол



халықтың тіл байлығы, сөз (байлығы) өнері, шешендік қасиеттері.

Ғалым Шығыс-Түркіснады мекендеуші көптеген халықтардың (қырғыз, түркімен, өзбек, қытай, 



т.б.) психологиялық ерекшеліктерін, олардың әрқайсысына тән әдет-ғұрып салт-дәстүрлерін өте

білгірлікпен көрсете біліп, бұларды ерекше дәріптемей психологиялық жағынан бір-бірімен тең

түсіп отыратындығын айта келіп томағай – тұйықтық көзқарасқа да соққы беріп отырды.



Шоқан және Абай Құнанбаев

Қазақтың ұлы ойшыл-ағартушылары Шоқан мен Абайдың дүниетанымы мен шығармашылық



бағытында, тарих пен заман мәселелерін түсінуі мен талдауыңа, әсіресе, мәдени мұраны

меңгеру, дамыту, оны елдің рухани қажетіне жарату әрекетінде мол үндестік байқалады.

Шоқан халық әдебиетін тарихты танудың аса бағалы ескерткіштері деп қараса, Абай 



көркемсөз байлығын жамағатты кәміл адамдық жолдарға баулып, тәрбиелеудің, 

жақсылықтарды өнеге етіп көрсетіп, зұлымдық, надандық атаулыны әшкерелеуің құралы

санады. Абай осы мақсатты көздеп, езінің шығармаларында ауыз әдебиетінде қалыптасқан

неше алуан нақыл сөздерді, мақал-мәтелдерді, тұрақты тіркестерді жаңғырта пайдаланды.

Абайдың халық елеңдеріндегі дәстүрлі ұйқастар мен буындық өлшемдерді, арнау, толғау, 



жоқтау, жұбату секілді фольклорлық жанрларды қолдануы осыны көрсетеді. Шығыс

фольклорындағы фабулаларға сүйеніп, «Ескендір», «Масғұт», «Әзімнің әңгімесі» тәрізді

келемді туындылар жаратуы да ақынның жаһан халықтарының рухани қазынасын кең

игергендігін дәлелдейді.




Назарларыңызға рахмет!


Достарыңызбен бөлісу:




©www.melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақтың мақсаты
Сабақ тақырыбы
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
бағалауға арналған
Жалпы ережелер
Сабақ жоспары
Қазақстан республикасы
қызмет стандарты
бекіту туралы
жиынтық бағалауға
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
тоқсанға арналған
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасының
Реферат тақырыбы
арналған тапсырмалар
арналған жиынтық
білім беретін
бағдарламасына сәйкес
Әдістемелік кешені
болып табылады
мерзімді жоспар
бағалаудың тапсырмалары
туралы хабарландыру
Қазақстан тарихы
арналған әдістемелік
пәнінен тоқсанға
республикасының білім
сәйкес оқыту
Қазақ әдебиеті
Мектепке дейінгі
оқыту мақсаттары
қазақ тілінде
нтізбелік тақырыптық
жалпы білім
Жұмыс бағдарламасы
оқыту әдістемесі
білім берудің
Республикасы білім
әдістемелік ұсыныстар
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсан
туралы анықтама
тақырыптық жоспар
мамандығына арналған