Орталық ғылыми кітапхана Қр білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті «Ғылым ордасы»



Дата23.11.2020
өлшемі25.89 Kb.
#34015
Байланысты:
Ғылыми кітапханалар
Ғылыми кітапханалар
Қазақстандағы ғылыми кітапханалар

Қазақстан респубикасында көптеген ғылыми кітапханалар бар.Соның бірі-



Орталық ғылыми кітапхана

      ҚР Білім және ғылым министрлігі  Ғылым комитеті «Ғылым ордасы» РМК ­­ Орталық ғылыми кітапханасы – Қазақстандағы аса ірі ғылыми кітаптар қоры бар, ғылыми жаратылыстану депозитарий функциясын (қызметін) атқарушы орын. (5,7 млн.экз.)

   Кітапхана қоры ұлттық және шетелдік басылымдар, диссертациялар, ғылыми еңбектер және Қазақстан ғалымдарының жеке кітапханаларының аса бай  жиынтығынан тұрады. Деректердің ауқымы  өте үлкен:қолжазбалардың  түпнұсқалық  түрінен бастап, заманауи  электронды ақпарат тасымалдаушыларға дейінгі аумақты қамтиды.

ҚР Білім және ғылым министрлігі  Ғылым комитеті «Ғылым ордасы» РМК ­­ Орталық ғылыми кітапханасы  ­өте құнды сирек кітаптар мен қолжазбалардың иесі.

Сирек кітаптар қоры - 91 мың дана, қолжазбалар қоры - 22 мың дана, шығыс әдебиеттері  қоры - 9,9 мың  дананы құрайды..

Сирек кітаптар, қолжазбалар және ұлттық әдебиеттер қоры – кітапхананың мақтанышы болып саналады. Мұнда революцияға дейінгі өте құнды қазақ әдебиеттері  Қазақстанның басқа кітапханаларының жиынтығына қарағанда  толық сақталуды. Осы бөлімшеде  Ғылым академиясында қорғалған диссертациялардың толық  қоры сақталады. Кітап қоры әр саланы қамтитын 7  бөлімнен тұрады.

Шығармалардың жалпы хронологиясы ХІІ, ХVІ-ХХ  ғасырлар. Қолжазбалар тарихи  құжаттар мен қазақ әдебиетінің жәдігерлерлері болып табылады.

Орыс тіліндегі сирек кітаптардың біразы қазақ халқының тарихын, археологиясы мен этнографиясын зерттеуші орыс ғалымдарының басылымдарынан тұрады. 

ҚР Білім және ғылым министрлігі  Ғылым комитеті «Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасы Республикалық  маңызы бар ақпаратттық орталық.

Кітапхана жұмысының негізгі бағыттары:

- Орталық ғылыми кітапхана қорындағы  ұлттық байлық және ғылыми құндылық болып табылатын ғылыми, мәдени және тарихи құжаттарды насихаттау;

- Сирек құжаттарды, қолжазбаларды және басқа да деректемелерді сандық түрге көшіру

- Ғылыми-библиографиялық  және  ақпараттық оқу құралдарының, академиялық  ғылыми  журналдардың  толық мәнді   деректер базасын  (БД) құру

- Электрондық  каталог  жүргізу

- Әлемдік  ақпараттық орталықтар  мен баспалардың  деректер базасына (БД) қол жеткізуді қамтамасыз ету

ҚР Білім және ғылым министрлігі  Ғылым комитеті «Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасы ­­­­­­– халықаралық кітап алмасу  орталығы, әлемнің 52 еліндегі  355 ғылыми мекемемен серіктес және  Қазақстандағы 900 мыңнан аса шетелдік ғылыми әдебиетттер қорын  сақтаушы.



Сәтбаев университетінің Ғылыми кітапханасы 

Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары кітапханаларының арасындағы ең ірісі, әрі ең көлемдісі болып табылады. Кітапхана қорында 2 миллионнан астам кітап бар, оның ішінде XVI–XIX ғасырлардағы өте сирек кездесетін көркем әдебиеттің тамаша нұсқалары да бар. Университет ашылған уақытта, яғни 1934 жылы 22 қыркүйекте Семей геологиялық-барлау техникумы кітапханасының базасында Ғылыми кітапхана негізі де қаланды. Ал оның алғашқы меңгерушісі болып А. И. Заозерский тағайындалған болатын. Кітапхана қоры алғашында өте аз болды, 1934 жылдың соңында онда небары 8692 кітап болып, екі-ақ адам жұмыс істеді. Ал кітаптар кафедралардың рұқсаты бойынша 10 адамға 1 кітаптан берілетін еді.

Алайда уақыт өте келе, кітапхана қоры оқулықтармен, оқу құралдарымен толықтырылып отырды, 1955 жылдан бастап кітапханаға Қазақстанның түсті металлургия, қара металлургия, көмір өнеркәсібі министрліктерінің басылымдары келе бастады. Сонымен қатар кітапханаға КСРО-ның жетекші университеттері мен атақты ғалымдары өз кітаптарын сыйға тартып, көп көмек көрсетті. 50–60-жылдары кітапхана қорына геология, тау-кен ісі бойынша оқулықтар В. В. Фаворский, В. К. Монич, К. Г. Войновский-Кригер, А. В. Бричкин секілді белгілі ғалымдардың жеке кітапханаларынан түсе бастады. Олардың көпшілігі осы күнге дейін сирек кездесетін оқулықтар қатарында.

Бүгінгі таңда кітапханада 8 абонемент, 1650 орындығы бар 10 оқу залы және 500 орындығы бар компьютер залы өз оқырмандарына қызмет көрсетеді. Ол жыл сайын жаңа кітаптармен, сондай-ақ 500 астам қазақстандық және ресейлік мерзімді басылымдармен толықтырылып отырады. Сонымен қатар кітапхана шетелдермен байланысын үнемі нығайтып, ТМД елдері және алыс-жақын шетелдер университеттерінің кітапханаларымен кітап алмастырып отырады. Ғылыми кітапхана 2009 жылдан бастап Электронды кітапхана құру мәселесін қолға алды. Қазіргі таңда Электронды кітапхананың деректер қорында барлығы 14 748 данадан аса ақпараттар бар. Қазір Ғылыми кітапханада 17 мыңнан астам оқырмандар бар – бұлар тек студенттер ғана емес, сондай-ақ университеттің профессорлық-оқытушылар құрамы, ғылыми қызметкерлер мен басқа да қызметкерлер. Жыл сайын кітапханаға 600-ден астам жаңадан келушілер тіркеліп, 1 млн-нан астам газет-журналдар мен кітаптар оқырмандарға беріледі. Ал 40 мыңнан астам адам Электрондық кітапхана қызметін қолданады.

 Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеттің ғылыми кітапхана қоры «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қазақ тіліне аударылған 30 жаңа оқулықпен толықты. Жаңа оқулықтар дүние жүзі тарихы, әдебиет теориясы, халықаралық құқық, педагогика, интернет-психология, стратегиялық менеджмент, маркетинг, медиа және іскерлік коммуникация, дипломатия және өнертану саласындағы кең ауқымды білімді қамтиды.

        Көптеген белгілі еңбектер әлемнің ондаған тіліне аударылды және әлемдік гуманитарлық білім беруді дамытуға ықпал етті. Бұл кітаптарды қазақ тіліне аудару мен басып шығару қазақ жоғары білім берудің дамуына және ғылымның нығаюына елеулі үлес қосады.

Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеттің ғылыми кітапханасының құрылымына 5 бөлім кіреді:

Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі

Ғылыми-библиография бөлім

әдістеме жұмыстар бөлімі

Автоматтандыру бөлімі

Каталогтарды ұйымдастыру және жинақтау бөлімі; әдебиеттерді және ақпарат банкін ғылыми өңдеу секторы.

Кітапхананың жалпы ауданы – 5104,9 ш.м., кітап қоймасының ауданы – 1939,95 ш.м., абонементтер ауданы – 1225,2 ш.м., оқу залдарының жалпы ауданы – 1359,55 ш.м., оқу залдарындағы орын саны – 860.

Кітапханада оқырмандарға 4 абонементте және 10 оқу залдарында қызмет көрсетіледі. Абонемент №1 №3 оқу ғимаратында, абонемент №2 №10 оқу ғимаратында, абонемент №3 №4 оқу ғимаратында, абонемент №4 №6 оқу ғимаратында және кітап қоймалары №3, №6, №10 оқу ғимараттарында орналасқан. 5 оқу залдары университеттің оқу ғимараттарында орналасқан және 5 оқу залдары студенттер үйінде орналасқан. Сессия уақытында оқу залдары оқырмандарға сағат 19:00-ге дейін қызмет көрсетеді.

2014 жылдан бері оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінде оқу басылымдарын беру электронды түрде жүргізіле бастап, оқырман картотекасы енгізілді. Электронды кітап беру –  КАБИС бағдарламасын ендіру арқылы оқырмандарға ұсынылатын жаңа заманауи қызмет.

Арнайы оқу залдары бар: ғылыми оқу залы, мерзімдік басылымдар оқу залы, электронды оқу залы

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемелекеттік университетінің ғылыми кітапханасы -дербес құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Студенттерге, ғылыми – педагогикалық қызметкерлерге және басқа да оқырмандарға тез және сапалы кітапханалық және ақпараттық – библиографиялық қызмет көрсетуді ұйымдастырады және іске асырады.

Ғылыми кітапхананың кітап қоры қазақша, орысша және шет тілдерінде университет бейініне сәйкес әр түрлі білім салалары бойынша жинақталған. Әдебиеттер гуманитарлық және қоғамдық-саяси ғылымдар, экономикалық және заң туралы іргелі ғылым салалары бойынша топтасқан, сондай-ақ әлемдік көркем әдебиеттің орысша, қазақша және шет тілдеріндегі бай қоры бар. Кітапхана қоры 900 мың дананы құрайды:

оқулық және оқу-әдістемелік,ғылыми әдебиет,көркем әдебиет,мерзімді басылымдар

Жыл сайын ғылыми кітапхана қоры 5 мың данадан аса әдебиеттермен толықтырылады және мерзімді басылымдарға жазылады. Университеттің оқу ғимараттарында кітапхананың 9 оқу залдары бар. Кітапхана оқырмандарының Internet ғаламдық ақпараттық желісін және ҚР заңнамалық актілерінің ақпараттық банкі “Параграф”-ты мемлекеттік және орыс тілдерінде пайдалану мүмкіндігі бар.

Кітапхана пайдаланушылары Ресей Мемлекеттік кітапханасының толықмәтінді дерек қорына, Республикалық Жоғары орындары арасындағы электронды кітапханаға, Қазақ Ұлттық электронды кітапханасына, Elzevir, Polpred, Znanium сыртқы электронды ресурстарына ену мүмкіндіктері бар.

А.С.Пушкин атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы.

Толық атауы — Мемлекеттік мекеме А. С. Пушкин атындағы Оңтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы. Танымал атауы — Пушкин кітапханасы. Қысқартылған атауы — ОҚ ОӘҒК. Облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы 1899 ж. С. Пушкиннің 100 жылдық мерекесі қарсаңында өлкетанушы М. Н. Лыкошиннің растауымен ашылған. Ағашқы кезде кітапхана қалалық касса қаражатымен қаржыландырылып ақшалай жәрдем бөлінетін болған.

Мерзімді басылымдар қорын қалыптасыру бойынша жұмыстың ең қызықты түрі жолға қойылды. Жыл сайын оларға едәуір қаржы, жұмсамау және кітапхананы кітап қорымен толықтыруды тоқтатпау үшін оқырмандар 3 топқа бөлініп, әр топ мерзімді басылымның белгілі түрін жаздырып алып, кезектесе пайдаланудан кейін, жыл аяғында кітапхана қорына беруді әдетке айналдырып отырған. Осы басылымдар ішінен әдеби құнды материалдарды Іріктеу, түптеу кітапханашы еншісінде болған. Оқырмандар үшін кітапхана аптасына 3 рет ашылатын. 1910 жылдан бастап мерзімді басылымдар қоры құрылып, 30-ға жуық газет-журналды кітапхана өз алдына жаздырып алу мүмкіндігіне ие болды.

Облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы 1899 ж. С. Пушкиннің 100 жылдық мерекесі қарсаңында өлкетанушы М. Н. Лыкошиннің растауымен ашылған. Ағашқы кезде кітапхана қалалық касса қаражатымен қаржыландырылып ақшалай жәрдем бөлінетін болған.

Мерзімді басылымдар қорын қалыптасыру бойынша жұмыстың ең қызықты түрі жолға қойылды. Жыл сайын оларға едәуір қаржы, жұмсамау және кітапхананы кітап қорымен толықтыруды тоқтатпау үшін оқырмандар 3 топқа бөлініп, әр топ мерзімді басылымның белгілі түрін жаздырып алып, кезектесе пайдаланудан кейін, жыл аяғында кітапхана қорына беруді әдетке айналдырып отырған. Осы басылымдар ішінен әдеби құнды материалдарды Іріктеу, түптеу кітапханашы еншісінде болған. Оқырмандар үшін кітапхана аптасына 3 рет ашылатын. 1910 жылдан бастап мерзімді басылымдар қоры құрылып, 30-ға жуық газет-журналды кітапхана өз алдына жаздырып алу мүмкіндігіне ие болды. Алғашқы мерзімді басылымдар ішінде «Биржевые ведомости», «Русское слово», «Туркестанские ведомости», «Туркеcтанский курьер» т.б.

Электронды «Ғылым ордасы» ғылыми кітапханасы

 Кітапхана – рухани азық беретін, көркем ой кепілі болатын киелі мекен. Өз шеберлігін шыңдау,ақпарат пен шабыт іздеу мүмкіндік береді. (Пандемияға байланысты жеке кітапханалық іс-шаралар тоқтатылған кезде, көптеген кітапханалар әлі де онлайн режимінде қосыла алатын виртуалды бағдарламаларды ұсынады.)

Сіз жазған ғылыми жұмыс үшін біраз зерттеу жүргізу керек пе? Кітапханалардың көптеген кітаптары, дерекқорлары және мұрағат материалдары сізге керекті ақпаратқа тез қол жеткізуге көмектеседі.Егер сізге қажетті көздерді табуға көмек қажет болса, кітапханашылар оқырмандарға жеке көмек ұсынады. Көптеген кітапханалар сонымен қатар коллаждарда, ән ремикстерінде және т. б. еркін пайдалануға болатын жалпыға қол жетімді суреттер, дыбыстар мен бейнелердің кең онлайн-жинақтарын ұсынады.

Ақпараттық технологиялар мен компьютерлік техниканың дамуы көптеген жұмысшылар ақпарат жинау, сақтау, өңдеу және ұсынумен айналысатын қоғам дамуының басталуына негіз болды. Интернет ғаламдық желісі әлемнің барлық тілдерінде миллиондаған электронды кітаптары бар электронды деректер қоймаларына компьютерлердің көмегімен кіруге мүмкіндік берді. Көптеген анықтамалар пайда болды: электрондық кітапхана, цифрлық кітапхана, виртуалды кітапхана және т.б.Дәстүрлі кітапхананың жаңа ақпараттық технологиялармен бірігуі кітапханалық-ақпараттық қызметті жаңа деңгейге шығаруға, дамуына жол ашты.

Жаңа технологиялар дәстүрлі кітапты алмастырмайды, керісінше жаңа оқырмандарды тартуға мүмкіндік береді және ғылыми-зерттеу жұмыстарына ынталандырады.

Кең мағынада, электронды кітапхана – белгілі бір өлшемдерге сәйкес қалыптасатын, қоғамдық пайдалануға арналған және осы қорды сақтауға және пайдалануға мүмкіндік беретін бағдарламалық-техникалық құралдарды қамтитын электрондық құжаттар қоры бар ақпараттық жүйе деп айтуға болады.

Қазіргі уақытта интернет желісінде тақырып бойынша, құрылымы бойынша ерекшеленетін көптеген электронды кітапханалар бар.Студенттер мен ғалымдар үшін қажетті ақпаратты қысқа мерзімде іздеудің маңызы зор.

Рефераттар, курстық жобалар, дипломдық және ғылыми жұмыстар жазу үшін материал іздеу мәселесінің оңтайлы шешімі– электронды кітапханаларды пайдалану. Ізденушілер үшін ең маңызды электронды ресурстардың бірі – www.library.kz ғылыми кітапхана сайты, мұнда ғылыми жарияланымдар, сирек кездесетін кітаптар, қолжазбалар,микрофильмдер,мұрағат құжаттарының электронды нұсқасын ұсынады.

Library.kz пайдаланушылары отандық және шетелдік ғылыми журналдардың толық мәтінді нұсқаларына қол жеткізе алады. Сондай-ақ көптеген әртүрлі саладағы диссертациялық жұмыстың сипаттамасын көруге мүмкіндігі бар.



Гибридті кітапханалар электрондық кітапханаларда іске асырылған жаңа ақпараттық технологиялардың артықшылықтарын және дәстүрлі кітапханалардың артықшылықтарын біріктіруге арналған, олар қоғамның ақпараттық қызмет көрсетуінің басқа жүйелері мен құрылымдарынан айырмашылығы ақпараттың барлық түрлерін (арнайы мақсаттағы ақпаратты қоспағанда, ғылыми, техникалық, экономикалық, ғылыми – танымдық, ойын-сауық және т.б.) өз қорларында сақтайды және іс жүзінде барлық әлеуметтік топтарға, барлық жастағы және кәсіби санаттағы пайдаланушыларға қызмет көрсетеді.

Ең дамыған инфрақұрылымға ие және ақпараттық қызмет көрсетудің ең демократиялық нысаны бола отырып, дәстүрлі кітапханалар елдің кез-келген бұрышында барлық азаматтарға қол жетімді және қоғамның әлеуметтік институты ретінде ақпараттан басқа, дүниетанымды қалыптастыруға, рухани дамуға және азаматтарды тәрбиелеуге ықпал ететін бірқатар функцияларды орындайды. Ал,электрондық ғылыми кітапханалар ақпаратты іздеу процесін неғұрлым тиімді етуге және білім мен ғылыми-зерттеу жұмыстарының жоғары деңгейін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақтың мақсаты
Сабақ тақырыбы
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
бағалауға арналған
Жалпы ережелер
Сабақ жоспары
Қазақстан республикасы
қызмет стандарты
бекіту туралы
жиынтық бағалауға
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
тоқсанға арналған
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасының
Реферат тақырыбы
арналған тапсырмалар
арналған жиынтық
білім беретін
бағдарламасына сәйкес
Әдістемелік кешені
болып табылады
мерзімді жоспар
бағалаудың тапсырмалары
туралы хабарландыру
Қазақстан тарихы
арналған әдістемелік
пәнінен тоқсанға
республикасының білім
сәйкес оқыту
Қазақ әдебиеті
Мектепке дейінгі
оқыту мақсаттары
қазақ тілінде
нтізбелік тақырыптық
жалпы білім
Жұмыс бағдарламасы
оқыту әдістемесі
білім берудің
Республикасы білім
әдістемелік ұсыныстар
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсан
туралы анықтама
тақырыптық жоспар
мамандығына арналған