академграмматикада -улы, -улі тұлғалы етістіктердің жатыр,тұр,отыр,жүр етістіктерімен
тіркесіп келіп, З- жақтық нақ осы шақ мәнін білдіре алатындығы айтылған: Бір күрек пен бір қайла
керегеге сүйеулі тұр(Ғ.Мұстафин). Есік жақта тілерсектері дір дір етіп екі ешкі мен бір арық
торпақ та байлаулы тұр(Ғ.Мүсірепов). Егер берілген екі сөйлемнің баяндауыштарын дара күйде
алатын болсақ, нақ осы шақтың жай түрі алдыңыздан қайта шығады. Сүйеулі мен байлаулы
пысықтауыштың қызметін(қалай тұр?) атқарып кетеді(малдың бос тұруы да мүмкін ғой). Ал
баяндауышын күрделі етістік күйінде алатын болсақ, тағы да нақ осы шақтың(оқулықтарда
айтылып жүргендей) жай түрі алдыңды орағытады. Негізінен, сүйеулі немесе байлаулы тұру үшін
алдымен оларды сүйеу немесе байлау керек емес пе?! Яғни, сүйеп немесе байлап қояды.Бұл –
өткен шақ. Зат сүйелген не байланған қалыпта қалды. Бұдан кейін іс істеушінің қатысы болған
жоқ. Ешкі мен торпақ қимылдаса да, қайла мен күректің қозғалмасы анық. Бірақ біз сөйлемнен
қандай қимыл жасағанын емес, қандай қалыпта тұрғанын ғана ұғына аламыз. Нақ осы шақтың жай
түрінің шақтық сипат иелене алмайтындығын етістіктің -улы, -улі формасы тағы бір дәлелдеп
береді.
Әрине,қаншама жылдар төрт етістіктің(отыр, тұр,жүр,жатыр)тікелей жіктелуі нақ осы
шақтың жай түрі есебінде оқытылып келгендіктен, оны бірден үзілді - кесілді жоққа шығару
мүмкін емес. Алайда,оқыту үдерісі кезінде етістікке тән морфологиялық ерекшеліктерді екшей
отырып, ережеге қайшы келетін тұстарды білікті маман өзі- ақ сұрыптап отырғаны жөн. Ғылыми
тұжырымдардың бәрі бірдей қолданыстан көрініс таба бермейді. Сол көрініс байқалмаған соң,
зерттеу жұмысы қайта жалғанады. Ғылым дегенің - осы. Нақ осы осы шақтың жай түрін шақ
сипатында қабылдаудан танбаймыз десек, оның болымсыз түріне назар аударсақ та жеткілікті:
Мен отырған жоқпын, сен отырған жоқсың, ол отырған жоқ. Осылай жіктеліп, осылай
оқытылып келеді. Егер отырмаса,қимылдың әлі болмағаны ғой. Егер отырмаса, не тұрған,не
жүрген, не жатқан қалыпта болғаны ғой. Отырған жоқпын дегенше, қай қалыпта екенін болымды
түрде айтуға тиіс қой. Шындығына келгенде, Мен отырған жоқпын өткен шақтың болымсыз түрі
(Мен отырдым) ғой. Бұларды айшықтап дәлелдеу - алдағы іс.
Достарыңызбен бөлісу: |