Педагогикалық эксперимент – арнайы ұйымдастырылып



Дата14.02.2022
өлшемі21.59 Kb.
#171986
Байланысты:
пед эксперимент


Педагогикалық эксперимент – арнайы ұйымдастырылып, алдын-ала зерттеу мақсаты белгіленген зерттеушінің зерттеу іс-әрекеті.

Педагогикалық эксперимент, әңгімелесу, сұхбат, сауалнамалық сұрақтарды, арнайы жағдаяттар туғызуды пайдаланатын кешенді сипаттағы әдіс болып табылады. Бұл әдіс зерттеудің мына міндеттерін шешеді:

- оқушыларды оқытудың, тәрбиелеудің дамытудың нәтижелерінің белгілі бір педагогикалық әсерлерге тәуелділігін анықтау;

- белгілі жүйелер мен педагогикалық нәтижелердің өзара тәуелділігі;

- педагогикалық шаралардың жүйелері мен оқытушылардың және оқушылардың белгілі бір нәтижелерге жетуі үшін уақытын және күшін жұмсауы арасындағы тәуелділікті анықтау;

- екі немесе бірнеше педагогикалық әсерлердің тиімділігін салыстыру, және оларға бір оңтайлы нұсқа табу. Немесе оларға белгілі бір өлшемнің арқасында оңтайлы нұсқа таңдау;

- белгілі бір жүйенің тиімділігін бірнеше өлшемдер арқылы дәлелдеу;

-себептік байланыстар табу.

Педагогикалық экспериментті ұйымдастыруда оның негізгі ережелерін сақтаған жөн:


  1. Тұлғаның (оқушы, студент, т.б.) денсаулығына зиян келтірмеу;

  2. Оқу-тәрбие үрдісін жетілдіру бағытында қолдану;

  3. Зерттеудің мақсат, міндеттеріне, қатысушыларды іріктеуге байланысты эксперименталдық базаны анықтау;

  4. Экспериментті жүргізу алдында зерттеу пәнінің көрсеткіштерін, деңгейлерін, өлшемдерін анықтау.

Эксперимент жүргізуде төмендегі әрекеттерді орындау қажет.

  1. Экспериментті жүргізу техникасын таңдау және негіздеу:

а) міндеттердің қойылуы;

ә) көрсеткіштерді таңдау;

б) өзгермелі факторларды таңдау;

в) сандық, сапалық деңгейлерді таңдау.



2. Жоспарлау:

а) бақылау сандарын анықтау;

ә) эксперименттің жүргізілу тәртібі;

б) қолданатын реттеу әдісі;

в) эксперименттің математикалық модель негізінде сипатталуы.

3. Талдау:

а) мәліметтерді жинақтау және өңдеу;

ә) ғылыми болжамды статистикалық есептеу арқылы тексеру және

статистикалық есептердің өзін де тексеру;

б) нәтижелердің түсіндірілуі (интерпретациясы).

Педагогикалық эксперимент мақсатына қарай 4 сатыға бөлінеді


  1. Анықтаушы эксперимент – күнделікті өмірдегі педагогикалық құбылыстарды зерттеу мақсатында жүргізілетін эксперимент.

  2. Қалыптастырушы эксперимент - жаңа педагогикалық құбылысты ғылыми идея негізінде қалыптастыру мақсатында жүргізілетін эксперимент.

  3. Бақылаушы эксперимент – педагогикалық мәселені пайымдау үрдісінде жасалған ғылыми болжамды бақылау, тексеру мақсатында жүргізілетін эксперимент.

  4. Реттеуші эксперимент – педагогикалық үрдісте зерттеу барысында алынған нәтижелерді өңдеп рәсімдеу мақсатында жүргізілетін эксперимент.

Зертханалық эксперимент балаларға арналған жасанды арнайы құрылған және нақты дәл ескерілген жағдайларда жүргізіледі. Ол әртүрлі физикалық приборлар мен тіркеу аппаратураларын белсенді қолдану барысында арнай жабдықталған орынжайларда /жарықтан және дыбыстан қорғайтын кабиналарда/ жиі жүргізіледі. Эксперимент жағдайының табиғи болмауы сынаққа қатысушының тосын жағдайлардан ұялуына, қажуына әкеледі. Бұған қоса зертханалық эксперимент белгілі бір деңгейде нақты өмірлік жағдайларды бейненлесе де, көбінесе олардан қашықта болады. Сондықтан ол оқу-тәрбие процесінің педагогикалық проблемаларын шешуге сирек қолданылады. Экспериментті жүргізер алдында, екі топқа бөлу керек, эксперименттік топ және бақылау тобы. Дегенмен басқа әдістен өзгешедегі, жағдайларды дәлме-дәл ескеруге, эксперименттің жүруіне және барлық кезеңдеріне қатаң бақылау жүргізуге мүмкіндік береді. Нәтижелерінің сандық бағасы, беріктілігі мен анықтылығының жоғары деңгейі психикалық құбылыстарды сипаттап, өлшеп қана қоймай, түсіндіруге мүмкіндік береді.
Табиғи эксперимент ойын, оқу немесе еңбек ойын, оқу немесе еңбек іс-әрекетінің табиғи жағдайларында тұрған балалардың психикалық зерттеу жүргізілуін білмеуімен ерекшеленеді. Табиғи эксперимент нақтылығы аз болса да өзіне бақылау мен зертханалық эксперименттің басым бөлігін қосады, оның нәтижелерін сандық өңдеуге салу күрделі болады. Бірақ бұл жерде эмоционалды ынта-зейіннің теріс әсері мен жауапты реакцияның ниеттілігі жоқ. Табиғи эксперимент табиғи жағдайда, зерттеушілер рөлін атқарып, бақылау жасырын жүргізіледі.
Модельдеуші эксперимент психикалық құбылыстарды модельдеу арқылы түсіндіріледі. Экспериментті жағдайда бала өзіне қатысты барлық табиғи іс-әрекетті жаңадан өндіреді /модельдейді/. Эмоциональдық немесе эстетикалық әсерленушлік, қажетті ақпаратты есте сақтау. Осы модельдеу уақытында зерттеушілер сондай-ақ аталған процесте ас қолайлы жағдайларды айқындауға тырысады.

Эксперимен ұзақ және қысқа да болады. Тұтас педагогикалық процестің мазмұнын, ұйымдастыру формаларын, принциптері мен әдістерін, жаңадан құру үшін арнаулы эксперимент жүргізіледі.



Пайдаланған әдебиеттер

  • 12 Дәріс. Педагогикалық зерттеу нәтижелерін статистикалық өңдеу әдістері.

https://infourok.ru/ilimi-pedagogikali-zertteulerdi-yimdastirudi-disnamasi-men-disteri-1547974.html

  • Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика. Оқу құралы.-А.:Дарын,-2004.-448бет.




Достарыңызбен бөлісу:




©www.melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
республикасы білім
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
рсетілетін қызмет
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
мерзімді жоспар
Қазақстан республикасының
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
бағалаудың тапсырмалары
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
Инклюзивті білім
нтізбелік тақырыптық
Зертханалық жұмыс
Әдістемелік кешені
білім берудің
республикасының білім
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
атындағы жалпы
қазақ тілінде
қазіргі заман
туралы хабарландыру