Педагогтің аты-жөні



Дата11.02.2022
өлшемі20.27 Kb.
#169408
Байланысты:
ырым тыйым





Педагогтің аты-жөні




Күні:




Сынып: 4

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Тәрбие сағатының тақырыбы

Құстар біздің досымыз!

Мақсаты:


Қазақ халқының қанына сіңген ізгі адамгершілік қасиеттерінің халықтың салт-дәстүрлері мен сабақтастығын түсіндіру, кейбір халық әндерін, мақал-мәтелдерін үйрету Имандылық, инабаттылық, ізеттілік қасиеттерін қалыптастыру.

Ырым – тыйым сөздерінің мән – мағынасын түсіндіру;


Тәрбиелік мәні: Ойшылдыққа, әдептілікке, батылдыққа, әдемілікке, сезімталдыққа тәрбиелеу;
Дамытушылығы: Рухани жан дүниесін дамыту;



Көрнекілігі: 

бейнетаспа. Қазақ үйінің жасауы, мақал-мәтелдер,даналардан шыққан сөз, қолөнер бұымдары, ою-өрнек түрлері.

Әдіс - тәсілдері:

Түсіндіру, көрсету. сұрақ – жауап, ойын.

Тілдік құзыреттілік:

Құстар - птицы, қарға - ворона, торғай - воробей, сауысқан – сорока, кептер - голубь.




Сабақтың барысы.




Сабақтың кезең

уақыт


Педагогтің әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі
1-бөлім «Құстар - біздің досымыз!»


Қорытындылау:


Мұғалім: 

Қай заман болсын адамзат алдында басты міндет – адал, білімді, еңбек сүйгіш ұрпақ тәрбиелеп өсіру. Бұл міндетті әр халық салт-дәстүріне орай іске асырады. Яғни әр халық ғасырлар бойы сыннан өтіп, сұрыпталған озық салт-дәстүрлерін жас ұрпақты тәрбиелеуде пайдаланып келген.



Кіріспе сөз: (слайд арқылы)
Қазақтың тыйым сөзі – ұлттық тәрбие көзі, яғни қазақ халқы кішкентай кезінен жақсылыққа үйір, жаман әдеттерден аулақ болсын деп тыйым арқылы баласын тәрбиелеп отырған. Қазақ халқының қанына сіңген тектігі, адамгершілігінің жоғары болуы, әртүрлі келеңсіз көріністерден, әбес қылықтардан аулақ болғаны осы қазақтың тыйымының арқасы, яғни бала бойына ертеден сіңірген. Біз сол ата – әжелеріміздің тыйымымен өсіп, өніп келеміз. Тыйым сөздер ел ішінде өте көп тараған.
Халқымызда «баланы – жастан»деген сөз бар. Бала оңы мен солын танымай жатып – ақ көп нәрсені үйренуге тырысқанымен, кейде белгілі бір нәрселерден тыйып жатамыз. Көп жағдайда, мысалы: «жағыңды таянба», «табалдырықты баспа»деп айтуын айтқанымен балаға оның мән – мағынасын түсіндірместен, «жаман болады»деп бір ауыз сөзбен шектей саламыз. Осынымыз дұрыс па? Жалпы, тыйым сөздер қайдан шыққан? Оның астарына зер сала қарадық па?

І. «Кім көп біледі айдары?»:


Оқушылар өз білгендерін ортаға салады.

ІІ. «Білгенге маржан»


1) Балаға ми жеуге болмайды – мидай былжыр, ынжық болады. Жас балаға бұғана қабырғасын бермеген – бойы өспей қалады деп ырымдаған. 2) Омыртқаның жұлынын жегізбеген – суға келіп қалады деген жаман ырым бар.
3) Бос бесікті тербетпе – балалы болмайсың деген жаман ырым бар. 4) Ыдыстағы суға аузыңды малма – себебі сол ыдыстағы су арам болады. Ыдысты еңкейтіп ішу керек деп тазалықты талап еткен.
5) Бетіңді баспа – қайғылы адам берін басады.
6) Мойныңа белбеу салма – буыншақ ауруына ұшырайсың.
7) Отқа түкірме – сол үйдің оты сөнсін, иесіз қалсын деген мағынада жаман ырымға жориды.
8) Бақан, құрық аттама. Бақанмен шаңырақ көтереді, құрықпен жылқыны ұстайды.
Бақан үйдің тірегі болғандықтан, ал құрық тіршіліктегі құрал.

ІІІ кезең. «Сөз мәйегі»(3 оқушыдан шығып берілген тыйым сөздерді алма – кезек жалғастырады)


 Нанды бір қолмен…………..(үзбе)
 Жағыңды……………………….(таянба)
 Су шашып……………………….(ойнама)
 Кемтар адамға………………..(күлме)
 Пышақты шалқасынан……..(қойма)
 Бас киіммен……………………. (ойнама)
 Адамды……………………………(айналма)
 Малды……………………………..(теппе)
 Отпен……………………………….(ойнама)
 Түнде суға…………………………..(барма)

ІҮ кезең. «Сыр сандық (көрініс көрсету)


Халқымыздың дәстүрлі ырымдарының арасында жас балаларға арналған немесе балаларды тәрбиелеуге байланысты кездесетін ырым – тыйымдар қатары мол. Соның бірі қазақ қонақ келгенде де ырым – нанымдарын бала тәрбиесінде қолданып отырған. Осы жөнінде көрініске назар аударайық
Үй ішін ана аластап жүреді. Қасында баласы жүреді.(Ортаға екі аяғын ашып, жол қарап тұрған бала тұрады. Оны байқап қалған анасы:
– Оу үйге қонақ келе жатыр ғой. Мына балам менің жол қарады ғой,- дейді анасы. (Осы сөзді айтып бола бергенде екінші ұлы үйге жүгіріп келе жатып:
– Апа, үйге қонақтар келе жатыр (дей бергенде табалдырыққа келе құлайды).
Оны баласын анасы көтеріп жатып:
Үйге береке, ырыс келеді деген ырым бар. Айналайын. Еш жерің ауырып кеткен жоқ па?
Кел мен сені мына төр көрпеге аунатып алайын. Біссіміллә – біссіміллә. Олжа келді, олжа келді. Олжасын көтере алмай келе жатыр, төрге, төрге жұқсын Осы сәтте үйге топырлай біраз қонақтар кіреді. Армысыздар. Наурыз құтты болсын! Ақ мол болсын, Ырыс – несібелі жыл болсын!- деп бір – бірімен көрісіп жатады. Жоғарылаңыздар, төрге шығыңыздар!- дейді.

Қорытынды: Міне, балалар Қазақтың тыйым сөзі – ұлттық тәрбие көзі, яғни қазақ кішкентай кезінен жақсылыққа үйір, жаман әдеттерден аулақ болсын деп тыйым арқылы баласын тәрбиелеп отырғанын біз жоғарыда айтқандай. Халқымыздың қанына сіңген тектілігі, адамгершілігінің жоғары болуы, әртүрлі келеңсіз көріністерден, әбес қылықтардан аулақ болғаны осы қазақтың тыйымының арқасы, яғни бала бойына ертеден сіңіргеннен. Түсінген адамға тіпті қазақтың әрбір сөзінің өзі – ұрпағына қалдырған үлкен қазынасы. Өкініштісі, оның мағынасына терең бойламаймыз.


«Алтынның қолда бар да қадірі жоқ» – дегендей атадан келе жатқан ырым мен тыйымдар – балаға мұра болып келе жатқан осы бір салт – дәстүрлерінен қол жазып қалмай тұрғанда келер ұрпаққа аманат қылайық – деп бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз.

» т. б. деп сипаттаса, «Қарлығаш», «Сандуғаш», «Бүркітбай» деп балаларына ат берген.



Құстар – біздің досымыз!. Осы табиғаттың көркі, сәні, әні болған құстарды қорғайық. Ал құстар өсімдік қорғаушысы. Сол құстарға қамқор бола білейік.

Осымен тәрбие сағатымыз аяқталды, көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет.






Достарыңызбен бөлісу:




©www.melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
арналған әдістемелік
жалпы білім
бағалаудың тапсырмалары
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
нтізбелік тақырыптық
Зертханалық жұмыс
Инклюзивті білім
Әдістемелік кешені
республикасының білім
білім берудің
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
туралы хабарландыру
қазіргі заман
атындағы жалпы