Р. с алматы 2021 ж Қазақ газеті және Абайтану ілімі



Дата07.04.2021
өлшемі19.72 Kb.
#50222
Байланысты:
Сөж мәдениеттану


Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

СӨЖ

Тақырыбы :Қазақ газеті және Абайтану ілімі



Орындаған: Өмірзақ.А.Е

Қабылдаған:Саурбаева.Р.С

Алматы 2021 ж

Қазақ газеті және Абайтану ілімі

Қазақ газеті — 1913—1918 жылдары Орынбор қаласында жарияланып тұрған қоғамдық-саяси және әдеби-мәдени басылым. № 1 номері 1913 жылы 2 ақпанда шыққан. 1915 жылға дейін аптасына бір рет, одан кейін екі рет шыққан. Бастырушысы — «Азамат» серіктігі. Газетке қаржылай көмектескендердің көшбасында Мұстафа Оразайұлы бар. Жалпы 265 нөмірі жарық көрген. Газет рәміздік-бейне ретінде киіз үйді ұсынды. Бұл — қазақ ұлты деген ұғымды берді. Оның түндігі батыстан ашылып, есігіне «Қазақ» деп жазылды. Мұны түсіндірген ұлт зиялылары «қазақ ішіне Еуропа ғылым-өнері таралсын, „Қазақ“ газеті қазақ жұртына әрі мәдениет есігі, әрі сырт жұрт жағынан күзетшісі болсын» деп жазды.

«Қазақ» газетін шығаруды ұйымдастырушы, редакторы — Ахмет Байтұрсынұлы, оның өкілетті өкілі М. Дулатұлы болды. 1918 жылы газетті Жанұзақ Жәнібекұлы басқарды. Басылымда А. Байтұрсынұлы, Ә. Бөкейхан, М. Дулатұлы, М. Шоқай, М. Тынышбайұлы, Ш. Құдайбердіұлы, Ғ. Қараш, Р. Мәрсеков, Ж. Тілеулин, Ғ. Мұсағалиев, М. Жұмабаев, Х. Болғанбаев, Х. Ғаббасов, Ж. Ақпаев, Ж. Сейдалин, С. Торайғыров, А. Мәметов, С. Дөнентайұлы, Х. Досмұхамедұлы т.б. авторлардың мақалалары жарияланып тұрды.

XX ғасыр басында аталған газет оқығандардың, діндарлардың, шәкірттердің, қарапайым сауаты бар адамдардың, тұтастай жалпы ұлттың ықыласпен оқитын басылымына айналды. Бұдан кейін пайда болған барша елшіл газет-журналдар осы «Қазақтың» шекпенінен шықты

1905 жылғы революциядан кейін-ақ Ресей қол астындағы отарланған шет аймақтарда ұлттық сана оянып, жаңадан баспасөз орындары пайда болып, көбейе түсті. Осы тұста қазақ азаматтары да қозғалып, қоғамдық ой-санаға қозғау салған газет-журналдар сала бастады. Соның бірі-“Қазақ” газеті болатын. ХХ ғасыр басындағы қазақ қоғамының ой-санасында ояну дәуірінің басты сарыны “Қазақ” газетінде көрініс беріп жатты. Абайдың әдеби мұрасын таныту, бағалау, наисхаттау жайы да сол кезеңнің саяси-әлеуметтік болмысына сай қазақ қоғамның отаршылдық саясатқа қарсылығынан туындап отырған ұлттық сезім мен ұлттық сананың сарыны тұрғысынан жүргізіледі.

Қазақ әдебиетінің ұлы классигі Абайдың қайтыс болуына он жыл толуына орай “Айқап”, “Қазақ” баспасөз беттерінде қазақ әдеби сынының нышаны белгі бере бастады.

Жандана бастаған әдеби сын, әсіресе, Абайдың әдеби мұрасының асыл мұраттарын, ақындық өнер жолын танып бағалау, таныту, насихаттау жолындағы әрекет қанат жая бастады. Осы мәселені қолға алып сөз етуде Ахмет Байтұрсынов пен Міржақып Дулатов, Нәзір Төреқұлов т.б. Абай шығармаларының әлеуметтік, халықтық бетін негізгі идеялық бағдарын жұртшылыққа өздері ұстанған ұлттық ояну сарыны тұрғысынан танып, бағалауға жол алды.

А. Байтұрсынов ә дегеннен-ақ Абайды оқу үстіндегі өз тәжірибесіне өзіндік түйсіну сезіміне сүйене отырып аңғартқан бір пікірі – ақын сөзін оқырман атаулының бірден ала алмайтын, тереңдеп бойлап ене бермейтін ерекшелікті ескертуінде жатыр.

М. Дулатов “Қазақта” жарияланған “Абай”, “Дауқұмар” мақаласында айтарлықтай мәні бар келелі мәселені көтере білді. Абай мұрасын халықтың тарихи жадының көрінісі деп ұғынды.

“Қазақтағылар” Абайдың қайтыс болуына он жыл толуына орай ұлы ақын мұрасын танып-білу, насихаттау жолында қоғамдық ойды алғаш рет саналы түрде бағыттаған ұйымдасу орталығына айналғаны байқалады. Түрлі әдеби кештер туралы хабарлар беріп, 1913 жылдан бастап абайға арналған алғашқы мақала, зерттеулері де жиілете жариялауы осының айғағындай.



Ал Нәзір Төреқұловтың “Әдебиетімізге көз салу” деген мақаласы “Қазақ” бетінде айтылған пікірлерді жалғастыра отырып, Абай мұрасы жайлы тіпті ғылыми теориялық байламдарға келеді. Яғни автор “Абайдан кейінгі қазақ әдебиет қай жолмен, қай бағытпен жүруі керек? Кімге ерсек жөн болмақ?” деген үзілді-кесілді сұрақты қоғамдық ойдың сарабына салумен ерекшеленеді.

Ұсынған автор өзіндік пікір-танымын 1916 жылдың өзінде-ақ қазақ әдебиетіндегі Абай дәстүрі үшін күресіп, әдебиетке абайлық сара бағытты жете танып барып ұсынған. Сол себепті Абай-әдебиетіміздің атасы, бұл жолдың қорқынышсыз, біз үшін пайдалы екендігін сезіп, сол жолға бұрылды. Әйтпесе, Абай үшін араб, парсы жолы да ашық еді. Өйткені Абай шығыстың әдебиеті мен мәдениетін Батыстан кем білмеген. Бірақ Абайдың орыс классикаық әдебиетінің реалистік бағытын ұстанып, бұл жолдың қазақ әдебиет тағдыры менболашағы үшін шешуші мәні бар жол екенін кәміл білді. Бұл пікір төңкеріске дейінгі қазақ қауымының ой-санасында Абайдың әдеби мұрасын таныту мен бағалауда сол мұраның бағыт-бағдарын жете танып білген жасампаз пікір болатын-ды.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақтың мақсаты
Сабақ тақырыбы
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
бағалауға арналған
Жалпы ережелер
Сабақ жоспары
Қазақстан республикасы
қызмет стандарты
бекіту туралы
жиынтық бағалауға
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
тоқсанға арналған
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасының
Реферат тақырыбы
арналған тапсырмалар
арналған жиынтық
білім беретін
бағдарламасына сәйкес
Әдістемелік кешені
болып табылады
мерзімді жоспар
бағалаудың тапсырмалары
туралы хабарландыру
Қазақстан тарихы
арналған әдістемелік
пәнінен тоқсанға
республикасының білім
сәйкес оқыту
Қазақ әдебиеті
Мектепке дейінгі
оқыту мақсаттары
қазақ тілінде
нтізбелік тақырыптық
жалпы білім
Жұмыс бағдарламасы
оқыту әдістемесі
білім берудің
Республикасы білім
әдістемелік ұсыныстар
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсан
туралы анықтама
тақырыптық жоспар
мамандығына арналған