Реферат
Тақырыбы:Гүлшоғырдың түрлері ,құрылымдық ерекшеліктері.
Орындаған:Адаман М.
Қабылдаған:Әль-фарабиқызы Ж.
Жоспар
Кіріспе
1.Гүлшоғыр
Негізгі бөлім
1.Гүлшоғырдың түрлері
2.Жай гүлшоғыр
3.Күрделі гүлшоғыр.
Қорытынды
Кіріспе
Гүлшоғыр деп гүл шығаратын өркенде белгілі ретпен орналасатын ұсақ гүлдер тобын (жиынтығын) айтады. Гүлшоғырлар сабақтың ұшында дамиды. Өсімдік түріне байланысты бір гүлшоғырда гүлдердің саны екіден бірнеше жүзге дейін жетеді. Кез келген гүлшоғырдың негізгі сабағы, тарамдалған жанама сабақшалары бар. Негізгі сабағының бұтақтануына қарай гүлшоғырлар жай және күрделі болып екі топқа бөлінеді.Гүл сағақтарында белгілі бір ретпен гүлшоғырлары - өркендер жүйесінің ерекше (түрі) өзгерген түрі. Гүлшоғырының негізгі өсінде жанырақтардың орнына гүлдер немесе гүлді жанама бұтақтар орналасқан. Өркеннің гүлдерге ауысу барысында, ондағы төбелік меристема өзінің пішінін өзгертіп үлкейіп бүршіктенеді. Гүлдер аяқталған соң, өсімдік жеміс байлайды, одан соң гүл шоғыры құрып түсіп қалады. Мофологиялық ерекшеліктеріне қарап гүлшоғырын бірнеше түрге жіктейді.
Достарыңызбен бөлісу: |