Реферат тақырыбы: «Президенттік сынамалар»



Дата24.11.2021
өлшемі29.57 Kb.
#123094
түріРеферат
Байланысты:
Реферат та ырыбы «Президенттік сынамалар»



РЕФЕРАТ

Тақырыбы: «Президенттік сынамалар»

Орындаған:Құрманбек А.Я.

Тобы: 19-БЖК-1

Тексерген:Бекбосынов С.Т.
Өскемен қаласы

2020 ж


Жоспар:


  1. Қазақстан Республикасының халықтың дене тәрбиесі даярлығының Президенттік сынама туралы……………………………………………………




  1. Президенттік сынама көрсеткіштері…………………………………………….

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа он жылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы халқының денешынықтыру дайындығының президенттік тестілерін өткізу қағидалары (бұдан әрі – Президенттік тесті) бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасының мүдделі орталық мемлекеттік органдары білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие процесі, спорттық-сауықтыру жұмысы шеңберінде Президенттік тестілерді өткізуді көздесін.

3. Қазақстан Республикасы Спорт және денешынықтыру істері агенттігі президенттiк тестілердің енгiзiлуiн бақылауды қамтамасыз етсiн.

4. Облыстардың, қалаларының, қалалардың, аудандардың әкiмдерi Президенттiк тестілерді еңбек ұжымдарында, халықтың тұрғылықты жерi мен демалыс орындары бойынша енгiзу, Президенттік тестілерге енгізілген спорт түрлері бойынша шұғылдану үшiн жағдайлар жасау жөнінде жұмыс жүргізсін...

Президенттiк сынамалар - бұл бақылаулық нормативтер арқылы халықтың оқуға, еңбек қызметiне, дене тәрбиесi даярлығының және жастардың әскери қызметiне даярлығының жалпы деңгейiн айқындайтын жаттығулардың (сынақтардың) жиынтығы.

Президенттiк сынамалар Қазақстан Республикасы балаларының, жастарының және ересек халықтың дене тәрбиесi даярлығына қойылар нормативтiк талаптардың негiзi болып табылады.

Сынақтардың түрлерiн орындау шарттары

1. 60, 100, 1000, 2000, 3000 метрге, 1,5 милге (2400 м) жүгiру стадионның жарыс жолында немесе кез келген тегiс жерде өткiзiледi.

2. Тұрған орнынан ұзындыққа секiру кез келген тегiс жерде өткiзiледi.

3. Биiк кермеде тартылу бастапқы қалыпта жоғарыдан ұстай асылып, аяқты еденге (жерге) тигiзбей орындалады. Керме мойнынан иек жоғары өткен болса жаттығу орындалған болып есептеледi. Асылып тұрған қалыпта 5 секундтан артық демалуға (тоқтап қалуға) және шайқалып барып тартылуға рұқсат етiлмейдi.

4. Шалқалап жатқан қалыпта кеуденi аяқ тiзеден 90 градус бұрышқа бүгiлiп, қолдың саусақтары иықта ұсталып, табаннан әрiптестiң ұстап тұруымен орындалады.

5. Ату ТОЗ-8 немесе ТОЗ-12 шағын оқпанды винтовкалардан таянып жатқан қалыпта немесе қолмен бауын кере қолданумен N 6-б нысаны бойынша 25 метрлiк немесе N 7 нысаны бойынша 50 метрлiк қашықтықтан атумен өткiзiледi.

ИЖ-38 үлгiсi пневматикалық винтовкадан ату - тiк таянып тұрған қалыпта үстелге не тiреуге сүйенiп N нысана (спорттық) бойынша 5 метрлiк қашықтықтан атумен өткiзiледi.

Атыстар: 3 байқаулық, 5 есептелетiн. Ату уақыты 15 минут.

6. Шаңғымен жүгiру шамалы немесе орташа бедерлi жол салынған жердегi ара қашықтықта ауа температурасы 15 С төмен болмаған кезде өткiзiледi.

7. Қол добын лақтыру кез келген тегiс алаңда 200 сантиметрлiк биiктiкке орналасқан көлемi 100х100 сантиметрлiк қалқанға лақтырумен өткiзiледi.

Қазақстаның әрбір азаматын бала жастан дене тәрбиесімен айналысуға тарту үлкен маңызы бар мемлекеттік міндет екіндігін еліміздің негізгі Заңында көрініс тапқан. Ата Заңының 24 және 29 баптарында азаматтардың демалуға және денсаулығын сақтауға құқы бар екендігі атап айтылған. Еліміздегі дене тәрбиесі жүйесі негізін қазіргі уақытта дене шынықтыру дайындығының Президенттік сынамалары құрап отыр. Осыған сәйкес спорттың жекелеген түрлерінен сынақтар тапсырады.

Денсаулықты нығайтуда, білім алушылар организмінің жетілуі, даму дәрежесін өсіруде жалпы дамыту жаттығуларының алатын орны ерекше. Дене жаттығуларының негізгі мақсаты дененің дамып – жетілуіне көмектесуі денсаулықты нығайту. Зерттеулер бойынша шын мәніндегі дұрыс мүсін балалардың 20% да ғана болады екен. Дұрыс іріктеп алынған дене жаттығулары, оларды жүйелі түрде пайдалану денсаулықты нығайтады, дененің дамуына көмектеседі.

Жүгіру-дене жаттығуларының ең қолайлы және кең тараған түрі. Ол үлкен мыңызға ие болумен бірге жеңіл атлетиканың негізін құрайды және спорттың көптеген түрлерінде жаттығу құралы есебінде пайдаланады.

Жүгіру бойынша жаттығулар орындау мен жарыстар өткізу әр түрлі қашықтарға жүгіру арқылы іске асады. Ең көп тараған түрлері мыналар: қысқа қашықтық (30, 60, 100, 200, 300, 400 м), орта қашықтық (600, 800, 1000, 1500, 2000 м), ұзақ қашықтық (3000, 5000, 10000 м).

Дене тәрбиесі сабақтарының міндеттері:

-Дене тәрбиесі саласы бойынша білім алушылардың өмірі маңызы бар білімге ие болу қамтамасыз ету;

-Дене шынықтыру арқылы жұмыс қабілетілегін тұрақты арттыру аясында білім алушылардың денсаулығын нығайту;

-Білім алушылардың өмірлік маңызды қозғалыс біліктері мен дағдыларына үйрету;

-Білім алушыларды үнемі шынықтыра отырып тәрбиелеу, әр түрлі дене жаттығулары түрлерін өз бетінше меңгеруге дағдыландыру;

-Білім алушылар бойында жеке, тұлға және қоғамдық тәртіп нормаларын қалыптастыру.

Осы аталған міндеттердің әрқайсысында қозғалыс тәртібін жан-жақты ұйымдастырудың, денсаулықты нығайтудың және ұйымдастырудың, денсаулықты нығайтудың және дене шынықтыру деңгейін арттырудың маңыздылығы; білім алушылардың дене тәрбиесі мәдениетімен спортқа ықыласын арттыру мақсатында дене шынықтыруға тәрбиелеудің маңыздылығы тұтастай бейнеленген.

Білім алушыларды сынамаларды тапсыруға дайындау сабақ оқу процесінде жүзеге асырылады: сынамаға дайындалу және оны тапсыру оқу жылы ішінде жүргізіледі. Дене тәрбиесі сабағының жоспарына барлық сынама түрлерін енгізу керек.

Жылдамдық, күштілік және табандылықты сынынан өткізу жарыстары оқу жылының соңында колледж бойынша бір күн ішінде өткізіледі.

Сынақтарды тапсыруға, сабаққа тұрақты қатысып жүрген, бөлімдерді өту кезінде дұрыс баға алған, дәрігердің руқсаты бар білім алушылар жіберіледі.

Денсаулығына байланысты арнайы дәрігер топқа тіркелген білім алушыла сынақтарды тапсырудан босатылады.

Күнделікті және қорытынды, бақылауларды, тестілеу нәтижелерін алдын ала өзара салыстыру, сонымен қатар пән бағдарламасының және Президент сынамаларының нормаларын салыстырып қарау, тиісті оқу міндеттерін іске асыру дәрежесі белгілі бір кезең ішінде білім алушылардың дене дайындығы жетістіктерін бағалауға мүмкіндік береді. Бұның өзі дене тәрбиесінің құралдар мен әдістерін дифференциялауды жеңілдетеді және оқу ісінің нәтижелерін бағалаудың дұрыс-



тығын арттырады.

Р/с


Бақылау жаттығуы

Өлшем бірлігі

Президенттік деңгей

Ұлттық дайындық деңгейі

ұлдар

қыздар

ұлдар

қыздар

1.

Жүгіру 30 м

сек.

5,2

5,2

5,4

5,4

2.

Жүгіру 1000 м

мин. сек.

с/е

с/е

с/е

с/е

3.

Тұрған орнынан ұзындыққа секіру

см.

170

165

168

160

4.

Шаңғымен 1 шақырымға жүгіру
6 мин. бойы жүгіру-жүру

мин.
м.

6.30,0
1500

7.00,0
1300

6.55,0
1400

7.25,0
1250

5.

Жүзу 25 м




у/е

у/е

у/е

у/е

6.

Доп лақтыру (150 гр.)

м.

30

20

28

18

Президенттік сынама - жыл сайын өтетін дәстүрлі шара. Мұндағы мақсат – халықтың бойын спорттан алшақтатпай, салауатты өмір сүруге баулу. Шараның тұсауы әдеттегідей әнұранмен кесілді. Содан соң, аудан әкімінің орынбасары мен «Нұр Отан» партиясының аудандық мәслихатының фракция депутатының басшысы Николай Смолинец сөз сөйлеп, аталмыш шараның мән-мағынасы туралы айтып, «спорт күнделікті әдетімізге айналса» деген тілектерін жеткізді. Президенттік сынамада 150 мекеме мен мемлекеттік бөлім қызметкерлері 4 түрлі сынақ тапсырды. Біріншісі ұзындықтан секіру, снарядты лақтыру, 100 метрге жүгіру және кросс. Жарыста әйелдер мен ерлер бөлек-бөлек сынамалардан өтті. Сынама қорытындысы бойынша бірнеше жас деңгейлері бойынша ІІБ қызметкерлері Тоқтар Елеуов, Ербол Асанбаев, Әділжан Казиев алғашқы болып мәре сызығын үзді. 50 жастан жоғары азаматтар арасынан Бадамша агротехникалық колледж қызметкері Кұрал Кереев жеңіп шықты. Ал, әйелдер арасынан 18-23 жастағы бойжеткендерден аудан әкімдігі маманы Татьяна Краскова үздік шығып, 50-59 жастағылардан жұмыспен қамту орталығының директоры Людмила Смолинец, 40-49 жастағылар арасынан №1БОМ-нен Юлия Цыбиногина, 24-39 жас арасынан «Балапан» балабақшасынан Таңшолпан Усембаева 1-ші орынды иеленді.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақтың мақсаты
Сабақ тақырыбы
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
бағалауға арналған
Жалпы ережелер
Сабақ жоспары
Қазақстан республикасы
қызмет стандарты
бекіту туралы
жиынтық бағалауға
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
тоқсанға арналған
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасының
Реферат тақырыбы
арналған тапсырмалар
арналған жиынтық
білім беретін
бағдарламасына сәйкес
Әдістемелік кешені
болып табылады
мерзімді жоспар
бағалаудың тапсырмалары
туралы хабарландыру
Қазақстан тарихы
арналған әдістемелік
пәнінен тоқсанға
республикасының білім
сәйкес оқыту
Қазақ әдебиеті
Мектепке дейінгі
оқыту мақсаттары
қазақ тілінде
нтізбелік тақырыптық
жалпы білім
Жұмыс бағдарламасы
оқыту әдістемесі
білім берудің
Республикасы білім
әдістемелік ұсыныстар
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсан
туралы анықтама
тақырыптық жоспар
мамандығына арналған