Реферат Тақырыбы:«Қазақстан Республикасы,ШҚО-дағы шжм желісі мен контингенті»



Дата23.05.2021
өлшемі26.58 Kb.
#62926
түріРеферат
Байланысты:
17.10.2020.ШЖМ тапсырма реферат
17.10.2020.ШЖМ тапсырма реферат


«М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледж»

Реферат


Тақырыбы:« Қазақстан Республикасы,ШҚО-дағы ШЖМ желісі мен контингенті»

Орындаған:Асхатова Т.А.

Тексерген:Алкенова З.С.

Қазақстан Республикасы бойынша ШЖМ ауылдық жерде орналасқан мектептер саны қалалық жерге қарағанда айтарлықтай басым келеді (3,3 есе). Мұнымен қоса қалалық мектептерде оқушылар саны ауылдық жерге қарағанда көп келедi (қала – 1 339 936, ауыл –1 275 962).Бұл әрбір шағын қоныстанған елді мекенде мемлекеттің шағын жинақталған мектептің (ШЖМ) жұмыс істеуіне кепілдік беруінебайланысты: оқушылар саны 5 адамнан 40 адамға дейін құрайтын бастауыш мектеп, негізгі – 41 адамнан 80 адамға дейін, орта –81 адамнан 180 адамға дейін (2013 жылғы 17 мамырдағы №499 ҚР ҮҚ, 2013 жылғы 17 қыркүйектегі №375 ҚР БҒМ Бұйрығы).ШЖМ саны 2014 жылы 3 268 бірлікті немесе жалпы білім беретін мектептердің жалпы санынан 45,2% құрады (7 222). 2013 жылмен салыстырғанда ШЖМ желісі 371 мектепке қысқарды, оның ішінде 101 жабылды, 270 желі нормативінің өзгеруіне байланысты толық жиынтықталған мектептерге көшірілді . Оларда оқытылатын балалар саны жыл сайын аудандық жерлер мен қалаларда шағын ауылдағы тұрғындардың кему салдарынан азайып келеді. Мұнымен қоса тәжірибе көрсеткендей, мектепте оқушылар неғұрлым төмен болған сайын, мектеп ғимаратын ұстауды және педагогикалық ұжымның еңбегін төлеуді қоса алғанда, бір оқушыға есептегенде шығыстар соғұрлым жоғары болады.

853 ШЖМ нормативтік толуына сәйкес келмейді (контингенті 36 923 адам). Соның ішінде 48 бастауыш мектеп, онда кем дегенде 5 оқушы оқиды, 379 негізгі мектеп – кемінде 41 оқушы және 426 орта мектеп – кемінде 81. Осындай ШЖМ ең көп саны халқының төмен тығыздығы бар өңірлерде байқалады: Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстары .Мектеп жасындағы балалар болмаған кезде ШЖМ сақтау тәжірибесі болған: ШЖМ ғимараттары 2014 жылы мектепалды дайындығы үшін пайдаланылған (Павлодар облысы Сынтас ауылы, Солтүстік Қазақстан облысы Ровное ауылы, Алматы облысы Көктал ауылы, Шығыс Қазақстан облысы Қожакелді ауылы).

Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының шағын жинақты мектептi дамыту орталығымен ауылдық мектептердің бірқатар қазіргі проблемалары, оның ішінде кең жолақты Интернеттің болмауы, интерактивті жабдықтармен және пәндік кабинеттермен қамтамасыз етудің төмен деңгейі атап өтілген. Физика бойынша 1 102 шағын жинақталған мектепте, физика (33,7%), химия – 1 273 (39%), биология – 1 283 (39,3%), математика – 958 (29,3%) және лингафондық кабинеттер 1 600 (49%) бойынша жаңаша түрлендірілген оқу кабинеттері жоқ.

Білікті кадрлардың тапшылығы байқалады. 2014 жылы математика мұғалімдеріне қажеттілік – 101, химия – 81, информатика – 33, ағылшын тілі – 80, физика – 66, орыс тілі – 59, биология – 27, география – 22 және бастауыш сыныптар – 22 адамды құрады. Бейімделген ғимараттарда 1 389 (42,5%) ШЖМ орналасқан, апатты жағдайда - 34 мектеп, 479 мектепке күрделі жөндеу қажет. Асханалармен қамтамасыз етілген мектептер 68%, спорт залдарымен – 61% құрайды.

Біріктірілген сыныптарда оқуды ұйымдастырудың қиындықтары орын алады, өйткені педагогтар аралас пәндер бойынша дайындықты игермеген. ҚР жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің. Мамандықтар жіктеуішінде мұғалімді бірнеше пәндер бойынша қосымша мамандандырумен қатар дайындауды көздеу орынды болар еді. Оқытудың тиімді технологияларын ендірудің жеткіліксіз деңгейі байқалады, бұл ШЖМ әлсіз әдістемелік қызметі мен материалдық базасы болып табылады. Сонымен қатар ауылдық мұғалімнің соның ішінде басқа пән сабақтарды ауыстыруының болмау себебімен курстық дайындықтан өту мүмкіндіктері шектелген.Республиканың әрбір өңірінде ресурс орталықтарды (тірекмектептер) құру ШЖМ мәселесін шешудің ықпалды механизмдерінің біріне айналды. Өңірлік Білім басқармасының мәліметтері бойынша 2014 жылы 111 осындай орталық жұмыс істейді (2013 жыл - 89), олардың ең үлкен саны Павлодар облысына келеді (15 бірлік).

Ресурс орталықтар (РО) базасында 450-ден астам магниттік мектептердің оқушылары үшін үш рет оқу жылында 10 күндік сессия ұйымдастырылады (нұсқаушы – қазанның бірінші декадасы, аралық –ақпанның бірінші декадасы және қорытынды – сәуірдің бірінші декадасы). Оқытудың осындай нысаны магниттік мектептегі оқушыларға оқу үдерісіне белсенді қосылуға, ақпараттық технологияларды пайдаланып, толық жабдықталған пәндік кабинеттерде зертханалық жұмыстарды орындауға мүмкіндік береді.

Ресурс орталықтарды қолдау бойынша барлық жергілікті қоғамдастықтың күштерін үйлестірудің жақсы практикасы бар. Мысалы, Қостанай облысында «Бейінді оқытудың тірек мектеп-ресурс орталығы» білім беру кешені құрылған. БЖСМ-мен, балалар музыкалық мектебімен, аудандық .Мәдениет үйімен, Қарабалық аграрлық-техникалық колледжбен және Әулиекөл ауыл шаруашылық лицейімен ынтымақтастық туралы шарттар жасалды. РО мұғалімдеріне елеулі қолдауды өңірдің жоғары оқу орындарының ғылыми-педагогикалық ұжымдары көрсетеді.Қарағанды облысында «Ресурс орталығы-жоғары оқу орны-колледж-өндіріс» кешені жұмыс істейді. Жалпы білім беретін пәндермен қатар жақын жердегі мектептердің жоғары сыныптастарын алдын ала кәсіби дайындауды Қарағанды қаласының мемлекеттік техникалық және медициналық университеттерінің оқытушылары жүзеге асырады. Павлодар облысында инновациялық білім және тәрбиені дамыту орталығы әрекет етеді, ол РО және магниттік мектептерге оқу-тәрбиелеу үдерісін әдістемелік сүйемелдеуді көрсетеді.Мектептері жоқ ауылдық жерлерде тұратын балалардың мектеп біліміне қол жеткізуі балаларды оқу орнына және кері тасымалдауды ұйымдастыру арқылы қамтамасыз етіледі. 2014 жылы мектептері жоқ елді мекен санының артуы байқалады (+35) (2013 жыл - 1 591).Олардың ең үлкен саны Шығыс Қазақстан (375), Солтүстік Қазақстан (200), Қостанай (180), Алматы (159), Ақмола (138) және Батыс Қазақстан облыстарында (129).Білім беру ұйымдары болмаған елді мекенде тұратын мектеп жасындағы балалар саны 805 адамға азайды (2013 жыл – 32 225 оқушы, 2014 жыл – 31 420 оқушы). Тұратын жері бойынша оқуға мүмкіндігі жоқ балалардың ең үлкен саны Алматы (7 401) және Шығыс Қазақстан (4 097) облыстарына келедi.ЖАО мектеп оқушыларын жеткізуді ұйымдастыруды және оқушыларды жеткізудің қауіпсіз жағдайларын құруды жетілдіру бойынша жүйелі шараларды қабылдап жатыр. 2014 жылы республиканың 12 өңірімен мектептерге 40 автобус сатып алынды. Барлығы 24 265 баланы жеткізу үшін 937 автобус пайдаланылады. Сонымен қатар балалардың тағы да 12,2%-ын сапалы жеткізумен қамтамасыз ету үшін қосымша 283 автобус сатып алу керек, оның

ішінде 77 тек Алматы облысы үшін (2014 жылы осы өңірде 1 автобус сатып алынды).2014 жылы 12 998 адам контингентімен 350 мектеп жанындағы интернат жұмыс істейді, бұл іс жүзінде жобалық сыйымдылықтың жартысынан төмен (24 629 орын). Соның ішінде мектептері жоқ ауылдық жерден 3 330 бала интернаттық мекемелердің білім алушы тәрбиеленушілері. Оларға апта сайынғы жеткізу ұйымдастырылған. Тұрғылықты жері бойынша оқуға мүмкіндігі жоқ балаларды интернаттармен толық қамтамасыз ету мәселесі өзекті болып табылады (пәтерде тұрғандар 155, туыстарында – 801 және мектепке өздері барып отырғандар 2 866 бала). Қосымша ақпарат:

ШЖМ проблемаларын шешудегі ЭЫДҰ елдерінің тәжірибесі



Португалия мектептері 21 оқушыдан кем контингентімен экономикалық және білім беру себептеріне сүйене отыра, жабылады (ресми статистикаға сәйкес шағын мектептер жеткілікті тиімділікке ие болмайды)

Дереккөз: http//www.oecd.org/edu/country-studies/centreforeffectivelearningenvironmentscele/Portugal.pdf



Шотландияда мектептердiң 35%-ы «ауылдық» деп жіктеледі (халқы ірі елді мекен жерінен 30 минуттан артық жүру кезінде 3000 адамнан кем халқымен). Ауылдық жерде білімді тиімді қамтамасыз етуді бағалау үшін комиссия құрылған. Комиссия құзыретіне Білім туралы Заңды іске асыру бойынша мектептерді тексеру мен консультация өткізу, ауылдық жерде білімді беруді талдау, ауылдық мектептің және жергілікті қоғамдастықтың жұмысын бағалау, оқытудың үздік практикасын енгізу және қаржыландыру мәселелері бойынша консультация өткізу кіреді. Комиссия білім сапасы мен мектеп инфрақұрылымының сапасын жақсарту, қаржыландыруды арттыру, Интернетке кең жолақты қолжетімділікті арттыру, ауылдық мұғалімдердің біліктілігін арттыру және т.б. бойынша ұсынымдарды берді.

Дереккөз: http://www.scotland.gov.uk/Publications/2013/04/5849/0



Альберта (Канада) провинциясында мектептерді жабу бойынша шешімді қабылдау жергілікті мектеп кеңестерінің жауапкершілігінде болады, мұнымен қоса білім алушылардың төмен контингенті көп жағдайда ұқсас шешімдерді қабылдауда маңызды фактор болып табылады. «Қажеттілігіне қарай шағын жинақталған мектептер» арнайы грант шеңберінде қосымша қаржыландыру бөлінеді («Small Schools by Necessity»)

Дереккөз: http://education.alberta.ca/admin/funding/manual.aspx



Финляндияда ауылдық мектептерді қолдау үшін «Ауыл қозғалысы» ұйымы құрылды және әрекет етеді. Нақтырақ айтқанда, Лапландияда – Финляндияның байырғы халқы саамдар тұрып жатқан жерде ШЖМ ең үлкен саны бар. Лапландия Үкіметі ШЖМ-ге және саамдардың тілі мен мәдениетін сақтауға ұқыпты қарайды. Мысалы, балаларды мектепке жүз шақырымға дейін қашықтықтан жеткізе алады. Балаларды жеткізу үшін арнайы такси жалдайды, шығыстарын муниципалитет төлейді.Дереккөз: (http://www.gazeta-respublika.ru/article.php/14498)


АҚШ. Әрбір кіші ауылдық мектепті сақтау саясаты. Егер округте тіпті аз оқушы қалса, онда бір бөлмелі мектептер құрылады. Оның мәні бір мұғалімнің әр түрлі жастағы балалармен айналысуынан және бірден бірнеше пәндерді оқытуынан құралады. Әрбір бала жеке бағдарлама бойынша оқытылады. Америкада сәйкес мектептердің басты ерекшелігі – мұғалімдері материалдық көтермелеу. Ауылдық «шағын жинақты» мектепте педагогтың жалақысы қалалық әріптестерінен екі есе үлкен. Дереккөз: (http://rv.ryazan.ru/old/cgi-bin/main-n=2633-2634&m=6.htm)


Дереккөз: «ҚР Білім беру жүйесінің статистикасы» Ұлттық жинағы



Достарыңызбен бөлісу:




©www.melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақтың мақсаты
Сабақ тақырыбы
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
бағалауға арналған
Жалпы ережелер
Сабақ жоспары
Қазақстан республикасы
қызмет стандарты
бекіту туралы
жиынтық бағалауға
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
тоқсанға арналған
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасының
Реферат тақырыбы
арналған тапсырмалар
арналған жиынтық
білім беретін
бағдарламасына сәйкес
Әдістемелік кешені
болып табылады
мерзімді жоспар
бағалаудың тапсырмалары
туралы хабарландыру
Қазақстан тарихы
арналған әдістемелік
пәнінен тоқсанға
республикасының білім
сәйкес оқыту
Қазақ әдебиеті
Мектепке дейінгі
оқыту мақсаттары
қазақ тілінде
нтізбелік тақырыптық
жалпы білім
Жұмыс бағдарламасы
оқыту әдістемесі
білім берудің
Республикасы білім
әдістемелік ұсыныстар
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсан
туралы анықтама
тақырыптық жоспар
мамандығына арналған