Сабақ тақырыбы : Жинақтау шоттары Жоспар: Шоттардың жіктелуі



бет1/2
Дата30.12.2021
өлшемі159 Kb.
#87987
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
№26каз
Лекция №1 С каз

Жақия Шайжүнісов атындағы электронды колледж

«Бухгалетрлік есеп негіздері» пәні

Курс тақырыбы: Бухгалтерлік есеп шоттары және екі жақты жазу

Сабақ тақырыбы: Жинақтау шоттары

Жоспар:


  1. Шоттардың жіктелуі

  2. Жинақтау шоттары бойынша айналым ведомосын құру тәртібі

  3. Жинақтау шоттарының айналым ведомосын тексеру тәртібі

  4. Жинақтау шоттары бойынша айналым ведомосының ерекшелігі


1сұрақ. Бухгалтерлік есепте әр түрлі дәрежедегі көрсеткіштердің детализациясын алу үшін үш түрлі шоттар қолданылады: жинақтау, талдау және субшоттар.

Жинақтау шоттары ақшалай өлшем бірлігімен көрсетілген экономикалық ұқсас топтары бойынша шаруашылық құралдары, міндеттемелері мен шаруашылық әрекеттері туралы жинақталған мәліметтерді береді. «Талдау» атауы «синтез» сөзінен шыққан, біріктіру, жеке бөліктерді (элементтерді) бір бүтінге қосу деген мағынаны білдіреді.

Талдау шоттары жинақтаушоттарының мазмұнын шаруашылық құралдарының және әрекеттеренің жек түрлері бойынша детализациялайды, заттай, ақшалай және еңбек өлшегіштерімен көрсетіледі. «Талдау» атауы «таллдау» сөзінен шыққан жалпы бүтінді құрамдас бөліктерге (элементтерге) бөлу деген мағынаны білдіреді.

Оның ішінде, «Тауарлар» шоты бойынша тек қана тауарлардың жалпысанын ғана емес, сонымен қатар тауардың әрбір түрінің және тобының нақты орналасқан орнымен бар болуын білуіміз қажет, ал «Алынуға тиісті шоттар» шоты бойынша – тек қана жалпы қарызды ғана емес, сонымен бірге әрбір жабдықтаушы бойынша нақты қарыздың мөлшерін білуіміз керек.

Алайда талдау шотының осындай қарапайым ғана құрылуы әрқашан қажетті көрсеткіштерді алуға мүмкіндік бере бермейді. Кейбір жинақтау шоттары бірнеше талдау шоттары топтарынан тұрады. Талдау шоттарының бірінші топтары (жинақтау шоттарынан кейін) субшоттар деп аталады. Субшот жинақтау және талдау шоттары арасындағы аралық звено болып саналады. Олардың әрбіреуі бірнеше талдау шоттарын біріктіреді, бірақ өздері, өз кезегінде, бір жинақтау шотымен біріктіріледі. Кейде субшоттарды екінші кезектегі шоттар деп атайды, ол кезде жинақтау шоттары бірінші кезектегі шоттар деп аталынса, онда талдау шоттарын үшінші кезектегі шоттар деп атауымызға болады..

Шоттардың жинақтау және талдау шоттарына бөлінуіне сәйкес бухгалтерлік есеп өзінің құрылуы бойынша келесідей бөлінеді:

А)жинақтау есебі, кәсіпорынның шаруашылық қызметін баланста және жинақтау шоттарының жүйесінде жалпылама бейнелеуді көрсетеді.;

Б)талдау есебі, талдау шоттары жүйесінде кәсіпорынның шаруашылық қызметінің барлық бөліктері мен учаскелеріндетальды түрде көрсетеді.


2сұрақ. Айналым ведомосы дегеніміз белгілі бір мерзімге айналымдар мен шоттар қалдықтары жиынтығы..

Олар :


а) жинақтау шоттары бойынша айналым ведомосы;

б) талдау шоттары бойынша айналым ведомостарына бөлінеді

Жинақтау шоттары бойынша айналым ведомосы келесідей құрылады. Жинақтау шоттары бойынша айналым ведомосының үлгі сызбасын ұсынамыз

Айналым ведомосын құру үшін мәліметтер тікелей жинақтау шоттарынан алынады. Ол үшін шоттарда дебет және кредит бойынша айналымдар қорытындыланып, жаңа қалдықтар шығарылады. Шоттардан мәліметтерді айналым ведомосына көшіру келеідей түрде іске асырылады. Барлық шоттарды рет-ретімен бірінен кейін бірін қарастыра отырып, айналым ведомосына шоттың атауын, дебеттік және кредиттік бағандарға қалдықтарын, дебет бойынша және кредит бойынша айналымдарды және дебеттік және кредиттік бағандарға соңғы қалдықтарын жазамыз.



3сұрақ. Барлық шоттарды жазып болғаннан кейін соңғы қалдықтарын шығару дұрыстығын тексереміз. Ол үшін айналым ведомосын қарастыра отырып, қалдықтарды шығару ережесіне сәйкес, активтік шоттарда бастапқы дебеттік қалдыққа дебеттік айналымды қосамыз және алынған сомадан кредиттік айналымды аламыз, ал пассивтік шоттарда бастапқы кредиттік қалдыққа кредиттік айналымды қосып, алынған сомадан дебеттік айналымды аламыз.

Егер тексеру нәтижесінде алынған қалдық шоттан алынған қалдықпен сәйкес келмесе, онда қалдықты есептеу кезінде табуға тиісті және жөндеуге керекті шотта қате жіберілді деген сөз. Одан кейін айналым ведомосының барлық бағандары бойынша жалпы қорытындылар есептелініп шығарылады – бастапқы қалдықтар, айналымдар мен соңғы қалдықтар. Алынған жиындарды сызықтан кейін астына жазамыз.

Айналым ведомосы шоттар бойынша жазбаларды тексеру және бақылау жасау құралдарынының ішіндегі маңыздыларының бірі болып саналады.

4сұрақ. Жинақтау шоттары бойынша айналым ведомосының ерекшелігі – тең жиынтығы бар қосарланған үш бағанның болуы..



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.melimde.com 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
бағдарламасына сәйкес
Сабақтың мақсаты
тоқсан бойынша
сәйкес оқыту
Реферат тақырыбы
бағалауға арналған
ғылым министрлігі
оқыту мақсаттары
Сабақ жоспары
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
білім беретін
бағалау тапсырмалары
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасы
мерзімді жоспар
жиынтық бағалаудың
тоқсанға арналған
жалпы білім
Зертханалық жұмыс
арналған жиынтық
нтізбелік тақырыптық
республикасы білім
арналған әдістемелік
Қысқа мерзімді
болып табылады
бекіту туралы
Қазақ әдебиеті
оқыту әдістемесі
Мектепке дейінгі
Қазақстан республикасының
Жалпы ережелер
Инклюзивті білім
білім берудің
бағалаудың тапсырмалары
атындағы жалпы
тақырыптық жоспар
пәнінен тоқсанға
туралы жалпы
рсетілетін қызмет
әдістемелік ұсыныстар
пайда болуы
қарым қатынас
коммуналдық мемлекеттік
пәнінен тоқсан
Суммативное оценивание
мемлекеттік мекемесі