Сабақ тақырыбы Дос болам десең, Досымды сыйла, қымбаттым! Мақсаты



Дата18.02.2022
өлшемі62.6 Kb.
#175247
түріСабақ
Байланысты:
бейбіт
1 лаб, Тапсырма1, Қазақстан Республикасының Конституциясы, 1757200533FKiS 13 (2)Dene tarbiesi ilimi men adistemesi, jnztn ghjwtyn


Пән

Сынып сағаты




Мұғалім

Дюсебаева Тамирис

Мектеп, сынып

Қарағанды қаласы, «№86 ЖББМ» КММ, 10-сынып

Сабақ тақырыбы

Дос болам десең,

Досымды сыйла, қымбаттым!





Мақсаты

Адамның бойында болатын болашақ өміріне пайдалы достық сезімнің қасиетті де қастерлі сезім, жақсылықтар жиынтығы екендігіне көз жеткізу.

Достық сезімді бойларына сіңіріп, достық қарым қатынастарын, бір-біріне деген сыйластығын, сүйіспеншілігін арттыру.

Досқа деген адалдық сезімдерін бағалай білуге және адал достықты жалған достықтан айыра білуге тәрбиелеу.


Күтілетін нәтиже

Жалпы достық туралы түсінік қалыптасып, өз ойын еркін жеткізе алады.

Көрнекі құралдар

Презентация, видеоролик, bilimland.kz сайтынан алынған бейнебаян.

Тәрбие сағатының формасы

Топтық жұмыс, ой толғау.

Уақыты

Бөлімі

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

bilimland.kz сайтынан алынған ресурстар

І. Ұйымдастыру
1 мин

Сынып оқушыларын түгендеп, тәрбие сағатына дайындығын тексеру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Сабаққа әзірленеді.




ІІ. Тұсаукесер
2 мин

Сыныпты түске байланысты топқа бөлу.

Сәйкес түстерге байланысты 3 топқа бөлінеді.





ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру
3 мин

Топтастыру стратегиясы.

Дос қандай болу керек?








ІҮ. Негізгі бөлім
5 мин

Ой-қозғау. 1. Дос деп кімді айтамыз? 2. Оқушылар арасындағы достықты қалай түсінесіңдер? 3. Кек сақтамайтын дос қандай дос? 4. Бөтенге шексіз сеніп қалудан сақтан, дос деп құрмет тұтып жүрген адамыңның өзі сені сатып кетуі мүмкін. (Омар Хайям) 5. Менің достарым көп болу үшін не істеуім керек? 6. Көрінген адамды досым деме, бұл өмірде дос кездеспеуі де мүмкін.

Берілген сұрақтарға жауап беріп, өз ойларын ортаға салады.




3 мин


Эссе. Досым саған рахмет!

Өмірде шынайы, өзіне серік болатын дос табу қиын. Достар бір-біріне қиын кезде де, қуаныш кезінде де бірге болып көмектесу керек. Егер достар бір-бірінің сырын сақтай алмаса, ол шынайы достыққа жатпайды. Менің достарым көп. Мен олардың бәрінде жақсы көремін. Солардың ішінде екі досымды ерекше жақсы көремін. Олар Диана мен Гүлсәт. Оларға қиын кездерде қолымнан келгенше көмектескім келеді. Біз кейде ренжісіп қаламыз. Дос болғасын ондай жағдайлар болады ғой … . Бірақ бір-бірімізбен тез татуласып кетеміз.




8 мин


Жағдаяттан шығу.
1-топ.

а) Сенің ең жақын досың өзінен кіші баланың ұялы телефонын тартып алды. Сынып жиналысында оны талқылап жатыр. Ол сенен көмек күтіп отыр. Сен не айтар едің?
б) Досың бір күні ата-анасымен ренжісіп қалғандығын, олардың өзін түсінбейтінін айтып жылап келді, уақытша сіздің үйде тұра тұруғысы келетіндігін айтты. Қандай кеңес бересің?
2-топ.
а) Бір күні көптен бері кездеспеген досыңмен жолығып кездесіп қалдыңдар. Әңгіме-дүкен құрып дәмханада отырғанда кенет анаңның “тез қайт”- деп бұйырғаны есіңе түсе кетті. Сен осы кезде не істер едің?
б) Сенің ең жақын досың жағымсыз қылық істеді. Сынып жиналысында оны талқылап жатыр. Ол сенен көмек күтіп отыр. Сен не айтар едің?
3-топ.

а) Поезд жүріп келеді. Сен алып ұшып, сағынып туған ауылыңа 7-8 жылдан кейін келе жатырсың. Көптен бері көрмеген сыныптастар мен дос-жарандарыңды болашақ жарыңа мақтан етіп келе жатқаныңда алдарыңа бір қайыр сұраған мүсәпір кейпіндегі ұсқынсыз бір адам келе қалды. Бұл сенімен бірге оқыған, бірге ойнаған, бір нанды бөлісіп жеген ажырамастай боламыз деп кішкене күндеріңде бір-біріңе уәде берген қимас досың болып шықты. Сенің оны көргеннен кейінгі әрекетің қандай болады деп ойлайсың?

б) Досың екеуіңнің арларыңа 3-адам килікті және енді досың көбірек сонымен бірге болып, бірге жүретін болды.

Бірақ 3-адам саған ұнамайды. Бұл жағдаяттан қалай жол табуға болады?



Жағдаяттық сұрақтарды өзара топта талдап, өз шешімдерін ортаға шығып дәлелдер келтіре отырып айтып берді.

http://bilimland.kz/kk/home#lesson=11862


(00:05-01:58)

14 мин

V. Достық туралы топтық жұмыс.
1-топ. Мемлекеттер арасындағы достықты қалай түсінесіңдер?

2-топ. Біздің сыныбымыздың достығы мәңгілік!

3-топ. Досыма не сыйласам екен?






http://bilimland.kz/kk/home#lesson=11862
(01:58-03:27 )

V. Қорытынды
2 мин

М.Мақатаев, Дос болам десең ...

Дос болам десең,
Досымды сыйла, қымбаттым!
Досыңа сонда,
Досыммен ғана қымбатпын.
Дос болам десең,
Мендегі доспен достасқын,
Сендегі доспен дос болып сонда тұрмақпын.






VІ. Рефлексия
2 мин

Бағалау ағашын таратады.

Бүгінгі тақырыпты қаншалықты деңгейде түсінгендерін бағалау ағашына өз есімдерін жазу арқылы көрсетеді.





Достарыңызбен бөлісу:




©www.melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
республикасы білім
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
рсетілетін қызмет
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
мерзімді жоспар
Қазақстан республикасының
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
бағалаудың тапсырмалары
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
Инклюзивті білім
нтізбелік тақырыптық
Зертханалық жұмыс
Әдістемелік кешені
білім берудің
республикасының білім
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
атындағы жалпы
қазақ тілінде
қазіргі заман
туралы хабарландыру