1-тапсырма. Мәтінді оқып, орфографиялық сөздіктің ерекшеліктерін анықтау.
Орфографиялық сөздік бізге не үшін керек? Негізгі зат есімдерді теріп жазып, сөз тіркестерін құрастыру.
2-тапсырма. Берілген мәліметтермен танысып, түсіндірме және аударма сөздіктерінің
арасындағы айырмашылықтарын байқау. Мәтіннен дерексіз зат есімдердің мысалдарын
келтіру.
3-тапсырма. Қосымша әдебиеттерді пайдаланып, берілген кестені толықтыру.
Үлгі:
Сөздік түрі Анықтамасы Ескертулер
I. Орфографиялық Орфографиялық сөздік
емленің ережелері мен қағидаларына негізделіп,
сөздердің қалай жазылуы
дұрыс болатындығын көрсету үшін жасалады.
1. Орфографиялық сөздікте тілдегі сөздердің барлығы емес, негізінен алғанда, жазылуы қиындық тудыруы
мүмкін деген сөздер қамтылады.
2. Орфографиялық сөздікте сөздер,әдетте, жалғаусыз түрінде беріледі.
3. Орфографиялық сөздікте бір заттың немесе құбылыстың, атауы ретінде қаралып, осыған орай
біріктіріліп жазылатын жаздыгүні, күздігүні, келісап, аққу, тасбақа сияқты сөздер көрсетіледі.
Орфографиялық сөздікте бас киім, аяқ киім сияқты бөлек жазылатын сөздер де көрсетіледі.
ІІ. Түсіндірме Түсіндірме сөздік әдеби тілдің сөз байлығымен таныстырып, ондағы сөздердің мағыналарын талдап түсіндіруді мақсат етеді.
1. Сөздікке енген әрбір сөздің мағынасы түсіндіріліп, оған анықтама беріледі. Сөздің анықтамасынан кейін сол сөздің мағынасын ашып айқындайтын
мысал (сөйлем) келтіріледі. Егер сөз әр түрлі мағынаны білдіретін көп мағыналы болса, онда оның ең
алдымен негізгі (тура) мағынасы, одан кейін туынды (ауыспалы) мағыналары талданып түсіндіріледі.
III. Аударма Аударма сөздік. Аударма сөздіктердің екі түрі бар: оның бірінде шет (басқа) тілдегі сөздер ана тіліне аударылып беріледі де, екіншісінде ана тіліндегі
сөздер шет тілге аударылып беріледі.
1. Сөздер алфавит тәртібімен беріледі.
2. Көп мағыналы сездің мағынасы араб цифрымен көрсетіледі. Омоним сөздердің әрбір сыңары өз алдына
жеке сөз ретінде қаралып, рим цифрымен көрсетіледі.
4-тапсырма. Қазақ тілі сабақтарында қандай сөздікпен жиі жұмыс істейсіңдер? Сол туралы әңгімелесу.
6-тапсырма. «Сздіктің қажеттілігі» тақырыбында пікірлесу.
|