Сабақтың мақсаты: Адамның қанайналым жүйесінің жұмысымен танысады; Бағалау критерийі



Дата29.11.2021
өлшемі26.29 Kb.
#126796
түріСабақ
Байланысты:
қысқа мерзімді жоспар 3-тарау 8-cабақ


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Жаратылыстану

Сынып: 3

Бөлім: Жанды табиғат. Адам

Мектеп:

Модератор: Данабаева М.А:

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Күні:




Тақырыбы:

Қанайналым жүйесінің жұмысы

Оқу мақсаты:

3.2.3.4 қанайналым жүйесі мен оның адам ағзасындағы рөлін сипаттау;

3.1.2.3 экспериментті жоспарлау және жүргізу



Сабақтың мақсаты:

Адамның қанайналым жүйесінің жұмысымен танысады;

Бағалау критерийі

Қанайналым жүйесінің қызметін сипаттайды;

Денеге түскен күш пен тамыр соғуының өзгеруінің байланысын түсіндіреді;

Болжам жасайды, эксперимент жоспарлайды, жүргізеді, қорытындылайды.


Тілдік мақсат:


Қанайналым жүйесінің жұмысын сипаттайды.

Пәндік терминология мен тірек сөздер

Тамырдың соғуы



Құндылықтар:

Өзара сыйластық, ынтымақтастықта жұмыс істеу. Өз денсаулығын күту және саламатты өмір салтын сақтау.

Пәнаралық байланыс

Математика, дене шынықтыру

АКТ қолдану дағдылары

Таныстырылыммен жұмыс

Алдыңғы меңгерілген білім

Қанайналым жүйесі мүшелерінің ағзада орналасуын, атауын, қызметін біледі. Оның ағзада қоректік заттар мен оттек тасымалдайтынын түсінеді

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 минут


3 минут


Ұйымдастыру. Оқушылар шеңберге тұрады.

  1. Cұрақ қою:Көңіл-күйің қандай? Неліктен? Сыныптастарыңа не тілейсің?

  2. Бүгін таңертең жаттығу жасадыңдар ма? Қане, бірнеше жаттығу жасап көрейік!

Жедел жауап. Жұмысты шеңберде жалғастыру.Мұғалім оқушыларға кезекпен доп лақтыра отырып, өткен тақырып бойынша сұрақтар қояды:

  • Қанайналым жүйесі мүшелерін ата.

  • Неліктен оны «Қанайналым жүйесі» деп атаймыз?«Қан айналысы» сөзінің мағынасын түсіндіре аласың ба?

  • Күретамыр қандай қызмет атқарады?

  • Көктамыр қандай қанды тасиды?

  • Қылтамырлардың қызметі қандай?

  • Жүректің қызметін сипатта.

  • Қанайналым мен тыныс алу жүйелерінің қалай байланысқан?

  • Қанайналым мен асқорыту жүйелері бір-бірімен қалай байланысқан?

ҚБ Мұғалімнің ауызша қалыптастырушы бағалауы.

Сабақтың тақырыбын, мақсатын айқындау.Дене жаттығуларын жасағаннан кейін қандай өзгеріс сезіндіңдер? Жүгіру, секіру, баспалдақтан көтерілу, билеуденкейін ше?

Бүгінгі сабақта денеге түскен күштің қанайналымы жүйесінің (жүректің) жұмысына әсерін зерттейтіндерін хабарлау.



Доп


Сабақтың ортасы

4 минут


3 минут

2 минут
4 минут


2 минут
5 минут

1 минут

4 минут


1 минут
3 минут
6 минут


Сызба. Жұптық жұмыс.

Сызбаны зерделеу және



  • қанайналым шеңберлерін анықтау;

  • күретамыр мен көктамырларды көрсету;

  • қанайналым жүйесінің сызбасын сипаттау.

Саралау: қанайналым жүйесі арқылы ағзадағы қоректік заттың тасымалдануын түсіндіру.

Бейнеанимация көру. Көргендерін сипаттау және сызбамен байланыстыру.

Зерттеу мәселесі. Оқушыларды жұптарға біріктіру. Тапсырма: Нені анықтауым қажет? Мен нені зерттеймін? деген мәселе туралы ойланып, зерттеу сұрағын құрастыру. Мысалы:

  • Физикалық жаттығулар қанайналым жүйесіне қалай әсер етеді?

  • Дене қозғалысынан кейін тамыр соғуы қалай өзгереді?

  • Тамыр соғуын зерттеймін

Болжам жасау. Тамыр соғуының жиілеуіне не әсер етуі мүмкін? Жауап шаблоны: «Мен … болады деп ойлаймын». (Жүрек соғу жиілігі артады). Болжамдарын жазып қою.

Ресурстар дайындау. Тамырдың соғуын санау үшін не керек? Секундомер дайындау.

Модель жасау: ермексазға тіс шұқығышты қадау, тамыр соғуын санар алдында модельді білекке жапсыру.

Нәтижесін жазу үшін кесте әзірлеу.



Жоспарлау. Эксперимент жоспарын құру (Әр жұп құрастырады. Ортақ талданады):

  • Нені өлшеймін? (Тамыр соғуын);

  • Қандай шамалар өзгереді? (Дене қалпы өзгереді: отыру, тұру, қозғалысқа түсу);

  • Зерттеу нәтижесін кестеге жазып алу;

  • Қорытындылау.

Зерттеу жұмысы. Мақсаты: «Қандай дене әрекеті жүрекке әсер етеді?» деген сұраққа жауап беру.

Жұпта орындалады.



Зерттеу барысы

• Орындықта отырған қалыпта бір минуттағы жүрек соғуын есептеу. Деректерді кестеге жазу.

• Тұрған қалыпта бір минут ішіндегі жүрек соғуын есептеу. Деректерді кестеге жазу.

• 10 рет секіру. Бірден орындыққа отырып, тамыр соғуын есептеу. Деректердікестегежазу.

• 5-6 реттереңдемалып, тынысынқалпынакелтіру.Тамырсоғуынөлшеу. Деректердікестегежазу.

• Басқажұптардыңнәтижелеріменсалыстырады.

•Қорытынды жасау

ҚБ Жұптардың өзін өзі бағалауы.

Зерттеу нәтижесін талқылау. Сұрақтар:



  • Зерттеу өткізгеннен кейін нені сезіндіңдер?

  • Қандай заңдылық байқалды? (Әрекеттің өзгеруіне байланысты тамыр соғу жиілігі де артты.)

  • Не анықтадыңдар? (Жылдам қозғалыс жүрек соғуын күшейтеді.)

  • Неліктен денеге күш түскенде жүрек жылдам соға бастайды? (Ағзаға энергия қажет. Жаттығу барысында энергия қаншалықты көп жұмсалса, ағзаға сонша оттек қажет. Жүрексоғуыжиілігікүшейетүседі.)

  • Осы тәжірибені қайта жасасаңдар, қандай өзгеріс енгізер едіңдер?

ҚБ мұғалімнің ауызша қалыптастырушы бағалауы

Эксперимент нәтижесі. Зерттеу нәтижесін қалай тіркедік? Бұл тиімді болды ма? Неліктен? Тағы қалай тіркеуге болатын еді?

Зерттеу нәтижесін бірден жазып алу қажетін еске түсіру.



Эксперимент туралы есеп. Жұппен эксперимент туралы есеп–әңгіме құрастыру.

Эксперимент нәтижесі сапалы болу үшін нені өзгертуге болатыны туралы ұсыныстарын талдау.



ҚБ Жұптардың жұмысын өзара бағалауы.

Білімді аралық бекіту. Оқулықтағы мәтінді оқу.Мәтіндегі ақпаратты зерттеу жұмысы бойынша жасаған қорытындыларымен (әңгімелерімен) салыстыру.

ҚБ өзін өзі бағалау.

Сергіту сәті.Бейнежазба әуенімен қимылдау.

Ойлан. Күндіз және түнде адамның жүрек соғысының жиілігінде өзгеріс болатынын талқылау: Түнде жүрек соғу жиілігі баяулайды, өйткені адамдар аз қозғалады. Ұзақ уақыт бойы дене қимылсыз болады, ұйқы кезінде дененің көлденең қалыпта болуы жүрекке түсетін күшті азайтатынын анықтайды.

ҚБ мұғалімнің ауызша қалыптастырушы бағалауы

Жеке жұмыс ретінде дәптерде берілген тапсырмаларды орындау.

42-жұмыс парағы. «Қанайналым жүйесі қалай жұмыс істейді?», 44-б. Тамыр соғу жиілігі. Бағандық диаграмманы оқу мен мәліметтерді талдай білу біліктерін бекітуге бағытталған тапсырма.

Критерийлер:

-Бағандық диаграмманы оқиды;

-Мәліметтерді талдайды.

Дескрипторы:

-Назгүлдің тамыр соғуын анықтай алады;

-Ата аналарының есімдерін анықтай алады;

-Інісінің есімін анықтайды;

-Ағасының тамыр соғуын анықтайды.

Тамаша күйде болу үшін. Оқушылар берілген суреттердің ішінен спорттық қалыпты сақтауды бейнелеген суреттерді таңдайды.

Дескрипторы:

Сурет бойынша дұрыс жауап таңдай алады: 1; 2; 4; 5; 6; 9 жауаптарын таңдайды.

ҚБ мұғалімнің жазбаша кері байланысы


Қанайналым жүйесінің сызбасы/ Оқулықтағы сызба/ Бейнеанимация

Әр жұпқа ермексаз, тіс шұқығыш

Парақ, маркер

Секундомер, зерттеу нәтижесін жазуға арналған кесте,

тіс шұқығыш пен ермексаздан жасалған модель

https://www.youtube.com/watch?v=fY0N407XXj0&list=PLyv3wPdSdAyAnTf__b3HqZSNEQ7O4GRNX

Дәптермен жұмыс


Сабақтың соңы

2 минут



Кері байланыс.

1) Алдынғы тақырыпта туындаған сұрақтарына жауап алған/алмаған туралы оқушылардың кері байланысы;


2) Сабақтағы өз жұмысына баға беру.

  1. Мен сабақта ________ жұмыс істедім, себебі ________.

  2. Сабақтағы өзімнің жұмысыма ________ . Себебі, ________.

  3. Сабақтың тақырыбы ________ болды.

  4. Менің бүгін білгенім: ____________________________

  5. Менің қосымша ________ жайлы білгім келеді.

ҚБмұғалімнің кері байланысы

Кері байланыс парағы

Слайд №8


Қосымша ақпарат

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы

  • Жұптау бойынша саралау

  • Сұрақ қою барысында саралау

  • Тапсырмалар бойынша саралау:

-Материалдарды игеру деңгейлерінде оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында ақпаратты қабылдаудың әр түрін ескеру.

-Оқушылардың ақпаратты қабылдауына байланысты тапсырмалар ұйымдастыру



Қалыптастырушы бағалау құралдары:

-мұғалімнің ауызша кері байланысы (мадақтау, қолдау сөздер айту);

- жұптардың эксперимент туралы есебін өзара бағалауы;

- өзін өзі бағалау;

- мұғалімнің жазбаша кері байланысы;

-оқушылардың жауаптарын, іс-әрекеттеріне бақылау жүргізу;

-оқушылардың жазбаша кері байланысы


-Сабақ барысында іс әрекет, дене жаттығулары көптеп орындалады (ұйымдастыру шеңберінде, зерттеу жұмысы барысында);

- әрекеттер жиі ауыстырылады;



- қауіпсіздік ережелерін сақтауға назар аударылады.


Достарыңызбен бөлісу:




©www.melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
арналған әдістемелік
жалпы білім
бағалаудың тапсырмалары
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
нтізбелік тақырыптық
Зертханалық жұмыс
Инклюзивті білім
Әдістемелік кешені
республикасының білім
білім берудің
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
туралы хабарландыру
қазіргі заман
атындағы жалпы