№18 сабақ
Сыныбы: ____10 а, б (ҚГБ) _______ Күні: ___19.01.2017ж__________
Мұғалімі: ___
Сабақтың тақырыбы: Анимация лық фильмдерді сақтау, геометриялық кескіндерді салу,
өзгерту және орнын ауыстыру, фигураның түсін өзгерту
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға анимация туралы мағлұмат бере отырып, анимациялық фильмдерді
сақтау, геометриялық кескіндерді салу, өзгерту және орнын ауыстыру, фигураның
түсін өзгерту жолдарын көрсету.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлауын, компьютерлік сауаттылығы мен іскерлігін,
танымдық қабілетін, логикалық сауаттылығын дамыта отырып,
олардың пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру.
Тәрбиелілік: Тәртіптілікке, сабырлылыққа, еңбек сүйгіштікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу,
ұшқыр ойлы, шығармашылық қабілеті бар жеке тұлғаны қалыптастыру.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: ДК, оқулық, жұмыс дәптері, слайдтар
Сабақтың өту барысы:
-
Ұйымдастыру кезеңі
-
Үйге берілген тапсырманы тексеру
-
Жаңа тақырыпты түсіндіру
-
Тапсырмаларды орындау
-
Сабақты бекіту
-
Үйге тапсырма
Өткен материалды қайталау сұрақтары:
-
Анимацияға анықтама беріңдер.
-
Мультипликация деген не? Шығу тарихын қысқаша айтыңдар.
-
Қай жылы қазақ мультипликациясы орта Азиядағы жетекші орынға шықты?
-
Анимация құратын қандай программалар бар?
Жаңа сабақты түсіндіру:
Macromedia Flash MX – көрнекті интерактивті мультимедиялық көрмелер, web-сайт, түрлі анимациялық құжаттар құруға мүмкіндік беретін бірегей программа.
Flash-те құрылған құжаттың кеңейтілуі *.fla (Flash құжаты) және *swf (Small web-файл) типті болып келеді. Өз кезегінде Flash-ке растрлық және векторлық кескіндерді (Photoshop, Illustrator және FreeHand құжаттарынан), PDF құжаттарын және дыбыстық құжаттарды да (мысалы, Wav және МР3 форматы) импорттауға болады. Программалық ортаның терезе құрылымы бізге таныс.
Көк түсті тақырып жолағынан кейін Бас мәзір қатары орналасқан. Жұмысты жеңілдету үшін көп қолданылатын программалар Негізгі құралдар тақтасында орналасқан. Оны ашу үшін мына әрекеттерді орындаймыз: Window --- Toolbars --- Мain.
Бас мәзір мен Негізгі құралдардың құрамына төмендегі бұйрықтар кіреді.
Tools құрал- саймандар тақтасы;
TimeLine уақыт шкаласы;
әртүрлі редакторлау тақталары;
Flash-филымнің негізгі жобосы іске асатын жумыс алаңы .
Құрал-саймандар тақтасы бас мәзір Window Tools.
Уақыт шкаласы бас мәзір Window TimiLint
Анимациялық әсерлер беру ушін ( Уақыт өлшемі қатары немес Монтаждау үстелі) қолданылады.Дыбыстау нұсқағышы қызыл түсті тіктөрбұрышты анимациялцық әскерлерін орындалу барысында нөмерленген кадрлар бойымен жылжып отырады. Мұнда біз кадрлермен, қабаттарымен жұмыс істейміз және Фильлмді редакторлау режімні басқарамыз.
Қосымша тақталар нысанының түр-түсі өзгертуге, кескіндер мен символдар қосуға қызмет етеді.
Бұл алаңда біз жұмыс істейміз. Яғни, керекті сурет саламыз, мәтін қойямыз, символдармен нысандар қоя аламыз.
Қалып –күй тақтасы. Мұнда әр нысанға немесе құралға қажетті қосымша баптаулар бар.
Программада кез келген фильм элементі Symbol (Символ )болып табылатын нысан ретінде қарастырылады.Символ типтері: Movie Clip (Клип) Button (Батырма ), Graphic (Графика ) және бұл типтердің әрқайсысының өзіндік қасиеттері бар, сонымен бірге мүмкін операциялар жиынтығын анықталган.
Фильмді ұйымдастыру жұмысын ыңғайлы ету үшін оны бірнеше логикалық сахнаға (сцена) бөлуге болады.
Программаның терезе құрылымен танысып болдық, енді осы алаңда өзіміз жұмыс жасап көрелік.
Тапсырма: «Өзіңді тексер!» (145-бет).
Сабақты бекіту сұрақтары:
-
Программаның интерфейсі қандай құрылымдардан тұрады?
-
Бас мәзір мен негізгі құралдардың құрамына қандай бұйрықтар кіреді?
-
Қосымша тақталардың қызметі қандай?
-
Анимация құратын қандай программалар бар?
-
Анимацияға анықтама беріңдер.
Үй тапсырмасын беру: Анимация лық фильмдерді сақтау, геометриялық кескіндерді салу,
өзгерту және орнын ауыстыру, фигураның түсін өзгерту
Оқушыларды бағалау, күнделікпен жұмыс.
Достарыңызбен бөлісу: |