сыныпта зертханалық жұмыс және практикалық жұмыс қамтылған



бет1/2
Дата12.04.2022
өлшемі23.67 Kb.
#220456
  1   2
Байланысты:
тусиник хат 9 сынып
Үмбеталиева А. 9 апта, Менеджмент-пәнінен-тест-сурактары, Самат Назерке кластер, Қ.Тарих. 11- сынып. 3-тоқсан (1)

Түсінік хат

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірде №115 бұйрығымен бекітілген негізгі орта білім беру деңгейінің 9-сыныптары үшін «Физика» пәнінен қолданыстағы үлгілік оқу бағдарламаларында теориялық мәліметтерді зерттеуге және білім алушылардың практикалық дағдысын қалыптастыруға арналған көрсетілім, практикалық және лабораториялық жұмыстарды орындау және білім алушылардың білімiн тексеруге бөлінетін уақыттың рационалды сәйкестігі қарастырылды. Оқыту бағытына тәуелсіз, физикаға және оның қолданбалы аспектілеріне қызығушылық білдірген білім алушыларға мектептің таңдау курстары бойынша оқуға мүмкіндік туғызу арқылы пәнді зерделеуге бөлінетін сағат сандарын ұлғайта алды . Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушысы 2017 жылғы 25 қазандағы № 545 бұйрығымен бекітілген «Негізгі орта білім беру деңгейінің -9-сыныптарына арналған «Физика» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген. 9-сыныпта «Кинематика негіздері», «Астрономия негіздері», «Динамика негіздері», «Сақталу заңдары», «Тербелістер және толқындар», «Атом құрылысы. Атомдық құбылыстар», «Атом ядросы. Ядролық өзара әрекеттесу», «Әлемнің қазіргі физикалық бейнесі» бөлімдері оқытылады.

9-сыныпта 4 зертханалық жұмыс және 6 практикалық жұмыс қамтылған.

Қолданбалы материалды теориялық зерделеу кезiнде оның мазмұны, негiзiнен, адамзат қоғамындағы жаратылыстану ғылымдарының рөлiн көрсетуге, білім алушылардың ғылым жетiстiктерiн әртүрлi көзқарас тұрғысынан бағалай алуға, ғылыми-техникалық прогреске байланысты туындайтын экологиялық проблемаларды түсiнуге, кәсіптік бағдар беруге бағытталатыны қарастырылады.Физикалық заңдарды тұжырымдау мен оларды түсіндіруде математикалық аппаратты қолдануына назар аударылады. Математиканың физикамен байланысының айқын мысалының бірі – физикалық шамалар арасындағы функциялық тәуелділікті және функциялар графигін пайдалану. Физика мұғалімі білім алушылардың есептеу шеберліктері мен дағдыларын ойдағыдай қалыптастыру мақсатында алдынала математика мұғалімдерімен бірігіп, ортақ әдістерді қолдануға болады.

«Физика» мен «Химия» ғылым ретінде бір-бірін өзара толықтырып отырады. Өйткені, бұл екі ғылым табиғаттағы құбылыстар мен процестерді өз тұрғыларынан қарастырады. Физика мен химия үшін өте маңызды ортақ ұғымдардың қатарына зат, масса, салмақ, энергия ұғымдары, сондай-ақ энергияның, электр зарядының, электр өрісінің сақталу және айналу заңы, молекулалық-кинетикалық және электрондық теория жатады.Физика мен химияның пәнаралық аса маңызды теориялық байланыстары екеуінде бірдей: атом құрылысы теориясын оқып үйренуде айқын көрініс алады.Сабақта жергілікті сипаттағы материалдарды (нысандар, кәсіпорындар, ақпарат көздері) пайдалануға бағытталған оқу-жобалау іс-әрекеттерін ұйымдастыру арқылы танымдық және әлеуметтік тұрғыдан білім алушының белсенділігін арттыру ұсынылады. Технология, медицина, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп пен энергетиканың әртүрлі саласындағы жетістіктер ғылыми идея мен ғылыми прогресс дамуының жарқын мысалдары болып табылады.

Мысалы оған төмендегідей мақсаттар берілген:


  • техникада және тұрмыста жылу беру түрлерінің қолданылуына мысалдар келтіру;

  • әртүрлі температураларда тірі ағзалардың бейімделуіне мысалдар келтіру;

  • жылу қозғалтқыштарындағы энергияның түрленуін сипаттау;

  • жылу машиналарының қоршаған ортаның экологиясына әсерін бағалау;

  • Қазақстанда және дүниежүзінде электр энергиясын өндірудің мысалдарын келтіру.

Білім алушылардың базалық білімдерін практикада бекіту зертханалық және практикалық жұмыстарды орындау кезінде жүзеге асырылады.







Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
арналған әдістемелік
жалпы білім
бағалаудың тапсырмалары
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
нтізбелік тақырыптық
Зертханалық жұмыс
Инклюзивті білім
Әдістемелік кешені
республикасының білім
білім берудің
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
туралы хабарландыру
қазіргі заман
атындағы жалпы