Тақырыбы: «Таңғы Гимнастика» Дене шынықтыру мұғалімі: Атембеков Нуржан Райханович Гимнастика



бет3/3
Дата30.12.2021
өлшемі22.51 Kb.
#89006
1   2   3
Байланысты:
Таңғы Гимнастика
Рационал теңсіздік-8Ә, 1-4 сынып, қағидалары
Спорттық гимнастика – спорттың негізгі түрлерінің бірі; еркін жаттығулар, таянып секіру және снарядтардағы жаттығуларды қамтиды. Қазақстанда спорттық гимнастика 1920 жылдардың аяғында дами бастады. Гимнастшыларды даярлауда В.Рякшин, А.Ершов, Г.Мещерский, Қ.Қуанышбаев, И.Муллаев, В.Байдин, т.б. жаттықтырушылар көп үлес қосты. Спорттық гимнастикадан Н.Ким – Олимпия чемпионы (1976), әлем кубогының жеңімпазы (1978), бірнеше дүркін КСРО чемпионы, Н.Ильенко – КСРО-ның абсолют чемпионы (жеке түрінен) және КСРО құрама командасының құрамында әлем чемпионы (1984), Ю.Цапенко – КСРО құрама командасының құрамында Олимпиада ойындардың күміс жүлдегері (1964). Халықар. дәрежедегі спорт шебері Қ.Қалиева1982 жылы республика чемпионы, халықар. жарыстардың жүлдегері болды. 1987 жылы В.Люкин (Алматы) Еуропаның және КСРО-ның абсолют чемпионы әрі КСРО құрама командасының құрамында В.Новиковпен (Алматы) бірге әлем және 1988 жылыОлимпиада ойындардың чемпионы атанды. 1991 жылы республика тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдарда алматылық Е.Ерімбетов, С.Федорченко, А.Дмитренко, т.б. гимнастшы жігіттер бірнеше дүркін Азия чемпионы, Азия ойындары, ізгі ниет ойындарымен қатар, әлем кубогының иегері және халықар. турнирлердің жеңімпазы, жүлдегері болды. 4.Көркем гимнастика – музыка ырғағымен арнаулы затпен (секіретін жіп, шеңбер, доп, ұршық, лента және т.б.) немесе затсыз әр түрлі гимнастикалық және би жаттығуларын орындайтын спорттың бір түрі. Соңғы кездері әлем сайыстарында затсыз өнер көрсетілмейді. Топтық орындауларда бірден екі зат (мысалы шеңбер мен доп) немесе бір зат (мысалы бес доп, бес күрзі) қолданылады. Жеңімпаздар көпсайыста, жеке әрбір түрде және топтық жаттығуларда анықталады. Қазір барлық жаттығулар оркестрлық фонограммаларды пайдаланып сазды сүйемелдеумен орындалады. Сазды сүйемелдеумен жаттығуларды орындау спортшының және жаттықтырушының қалауына байланысты болады. Бірақ әрбір жаттығу бір жарым минуттан аспауы шарт. Сайыс көлемі 13х13 метрлік гимнастикалық кілем үстінде өткізіледі. Классикалық көпсайыс (4 жаттығу) – олимпиадалық тәртіп. Сонымен қатар көпсайыстан басқа гимнаст спортшылар жеке біріншілікте дәстүрлі түрде жеке жаттығу түрлерінен (Олимпиадалық ойындардан басқа) арнайы жүлделі орындарға таласады. Гимнаст спортшылардың жаттығуларды орындауы отыз ұпайлық жүйемен бағаланады. Тартымды әрі сұлу спорт түрлерінің бірі көркем гимнастика КСРО-да спорт түрі ретінде 1940-шы жылдары пайда болып, 1984 жылдан бастап – олимпиадалық спорт түріне айналды. Алғашқыда тек қыздар спорты ретінде ғана қалыптасқан еді, бірақ ХХ ғасырдың соңына таман жапон гимнастарының арқасында ер азаматтар арасында да сайыстар өткізілетін болды. 1956 жылдан бастап Астана қаласында көркем гимнастика дами бастады, таратылу кезінде Целиноград қаласына келген Адриан Эльза Андреевна спортшыларының көрсеткен нәтижелері үшін қазақ КСР еңбек сіңіргенжаттықтырушысы атағына лайық деп танылды. Адриан Эльза Орта Азия және Қазақстан Республикасының әйелдер спартакиадасына (1968 жыл Душанбе қ.) және Қазақ КСР құрама командасынан Киев қаласында өткен жалпы кеңес жасөспірімдер ойынына қатысушы, Целиноград облысындағы КСРО бірінші спорт шебері Омарова Ляйлимді, сонымен қатар еліміздің құрама командасына енген және бірнеше рет жүлдегер мен чемпион атанған Нейвгерт Фрида мен Федонина Еленаны, КСРО құрамасының мүшелері, спорт шеберлері Янчукова Светлана, Беккер Татьяна мен Лапшина Ольганы тәрбиелеп шығарған. 5.90-жылдары балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіндегі көркем гимнастика бөлімінің: Врасникова С. Д., Омарова Л. Х., Широкорадова В. Г., Лоншакова Е., Доспанова О. И., Есикова Е. секілді мықты жаттықтырушыларынан халықаралық турнирлердің және еліміздің жүлдегерлері мен чемпиондары, спорт шебері Сулейменова Гульмира, халықаралық деңгейдегі спорт шеберлері Мерцалова Юля мен Красникова Аида, кейіннен бұл спортшылардың жолын қуған ХДСШ Майя Зайнуллина мен Айдана Каулдашева тәрбиеленіп шықты. Аталған спортшылар ҚР ұлттық құрамасының мүшелері Мәскеудегі халықаралық жарыстарда, әлем кубогында, 2006 жылғы азия чемпионында (Үнді) және 2006 жылы Катардағы Азия ойындарында еліміздің намысын қорғады. Майя Зайнуллина – 2006 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, 2003 жылы - Венгрияда, 2005 жылы - Әзірбайжанда, 2007 жылы – Грецияда өткен әлем чемпионатына қатысушы, ҚР спорт шебері Хамзина «Азия балалары» бірінші халықаралық жарыстарда бірнеше дүркін жүлдегері. Аябьева Анна – 2004–2008 жылдары жеткіншектер арасында ҚР чемпионы, 2009 жылғы әлем чемпионатының ақтық сайысына және 2012 жылы Англияда өткен олимпиада ойындарына қатысушы, халықаралық жарыстарда – гран-при иегері, 2009 жылы Францияда шеңбермен өнер көрсетуден әлем кубогының қола жүлдегері, халықаралық деңгейдегі спорт шебері. Серикбаева Динара – Қазақстан Республикасының құрама командасының мүшесі (2009 жыл Санкт-Петербург кубогі), Қазақстан Республикасының халықаралық деңгейдегі спорт шебері, 2009 жылы Жапонияда өткен топтық жарыста әлем чемпионатына қатысушы. 1996 ж.т. Сорикова Екатерина – 2009 жылы жеткіншектер арасында ҚР чемпионы, 2008 жылы Якуттегі «Азия балалары» халықаралық жарысының жүлдегері, жеткіншектер арасында Азия чемпионатына қатысушы Омарова Айгуль, Питерщикова Юля, Лесина Оля, Бекбосынова Гайни, Киприянова Наталья, Котлабаева Рита, Ильмиенко Ольга, Вотчел Марина - бірнеше жылдар бойы еліміздің чемпиондары болып келген әрі Қазақстан Республикасы спартакиадасының жеңімпаздары. Мектебіміздің мақтанышы Алия Асымова – спорт шебері, әлем кубогы кезеңдеріне қатысушы, Қазақстан Республикасының көптеген чемпионаттарының жеңімпазы және жүлдегері, жеткіншектер арасында Азия чемпионатының үздік спортшысы. 4 алтын, 1 күміс, 1 қола жүлделерінің иесі Алия өзінің мәртебесі бойынша жеткіншектер арасында көпсайыстың жеке түрлерінен әлем чемпионатына тең келетін Ташкент қаласында өткен доппен өнер көрсетуден халықаралық турнирде 3-орынды жеңіп алды. Қазіргі кезде мектебімізде тек жоғары білімді және спорт шебері атағына ие жаттықтырушылар қызмет етеді. 6.Көркем гимнастика – бала дене тәрбиесіндегі дене бітімі дамуының, мүсіннің дұрыс қалыптасуының басты құралы болып табылады. Бұл спорт түрімен айналысу үйлесімділікті, икемділікті, ептілікті, жылдамдылықты, төзімділікті жетілдіреді, балаларда жеңілділік, сымбаттылық және қозғалыс еркінділігі қалыптасады. Қазіргі кезде көркем гимнастика – әуеннің, спорт пен өнердің үйлесімді қосылуы. Көркем гимнастиканың негізі музыка болып табылады – бұл дегеніміз эстетикалық дамуы және дене шынығуының жетілуі жолымен жүру. Мектепке дейінгі жас - әрбір адам өміріндегі жауапты кезең. Денсаулықтың негізі және дұрыс дене шынықтыруды дамыту осы жасөспірімдік шақта қалыптасады, дене шынықтыру және спортқа деген қызығушылық артады, жігерлі, саналы мінез-құлықты жеке тұлға тәрбиеленеді. Көркем гимнатиканың мақсаты – спортшының гармонды дамуын, дене қозғалысының барлық жағынан қалыптасуын, денсаулықты нығайту, салауатты өмір салтын қамтамасыз ету. Бұл спорт түрімен айналысу барысында тұлға бойында өмірге ең маңызды негізгі білім, қозғалу шеберліктері мен дағдылары, барлық адамгершілік қасиеттер қалыптасады. Жаттығу барысында балалар көркем гимнастиканың негізгі жаттығуларын орындауға үйренеді, ұжыммен әрдайым қарым-қатынаста болады. Көркем гимнастикасының формасы – суға түскенде киетін киім, жеңіл аяқ киім, жеңіл жұқа шұлық. Лента, доп, шеңбер секілді спорт құралдарын қолданар алдында нұсқаушымен кеңесу қажет. *Гимнастика деген атау гректің «жаттығу», «жалаңаш» деген сөздерінен шыққан. Себебі, Ежелгі Грекияда гимнастикаға бет бұрған адам мейілінше жеңіл киінетін болған. Бірақ бастапқыда жаттығудың негізі әскерлерді атты тақымдауға, соғысқа қажетті өзге де әдіс-тәсілдерді үйретуден тұрған. Уақыт өте гимнастика Грекияның білім беру жүйесіне ене бастады. Біртін-біртін ережелер нақтыланып, спорттың сұлу түріне деген сұраныс артты. * Бір қызығы, спорттың бұл түрі ресми түрде кештеу мойындалып, тұңғыш мектеп тек 1913 жылы Ленинградтағы П.Ф.Лесгафт атындағы дене шынықтыру институтында ашылды. Мұнда негізінен би гимнастикасы мен би түрлері үйретілетін. Ал 1963 жылы Халықаралық гимнастика федерациясы жанынан спорттық гимнастика комиссиясы құрылып, 1998 жылы спорттың аталған түрі «көркем гимнастика» деп өзгертілді. Олимпиада бағдарламасына ол 1984 жылы бір-ақ енді. * Тарих беттеріндегі ақпараттар алғашқы халықаралық ресми жарыстың 1960 жылы Софияда өткендігін растағанымен, КСРО аумағында сайыстар 1941 жылы ұйымдастырыла бастаған екен. Ал 1963 жылы Будапештте аталмыш спорт түрінен Еуропа Кубогының түндігі түрілді. * Осы уақыт аралығында гимнастшыларды бағалау жүйесі бірнеше рет өзгеріске ұшырады. Оның бәрі төреліктің әділ болуы үшін жасалып жатқан қадамдар. Мысалы, 2001 жылы спортшылардың үздік өнеріне 10 ұпай берілсе, 2003 жылы бұл өлшем – 30-ға, ал 2005 жылы 20 ұпайға өзгертілді. *Дегенмен әлі күнге дейін көркем гимнастикадағы субъективті пікір мен бұрмалаушылықты жою мүмкін болмай келеді. Соның салдарынан төрешілер арасында пікірталас пен кикілжің жиі орын алып жатады. Солардың біріне 2000 жылы Сарагосадағы Еуропа біріншілігінде куә болдық. Өз жерлестеріне бүйрегі бұрып, өзгелердің әрекетін жоққа шығарғысы келген украиналық әділқазыИрина Дерюгина техникалық комитет мүшелігінен шеттетілді. *Гимнастиканың басты мақсаты спортшының физикалық даярлығын жақсарта түсу ғана деп ұғу қате. Өйткені мұнда бапкерлер шәкірттерінің дене бітімінің сұлулығымен қатар бойындағы сенімділігін арттыруға, тіпті,өмірге деген көзқарасын қалыптастыруға барын салады. Спортшының есте сақтау қабілетін дамытып, уақытын бақылауға да тигізер септігі мол. Бүгінде көркем гимнастиканың фитнес пен йога секілді қолжетімді түрлеріне сұраныс жоғары. * Көркем гимнастикадан жарыстардың барлығы 13х13 метр көлеміндегі кілемдерде өтеді. * Спорттың бұл түрімен әдетте тек қыздар шұғылданады дегенімізбен, бүгінде ерлер арасында ырғақты гимнастикаға қызығушылар саны артқандығын айта кеткен жөн. * Бір ерекшелігі, гимнастшылар допинг қолданатын спортшылар қатарына жатпайды. Оның бірден-бір себебі, бұлшықетке байланысты. Мұнда, әлгінде айтып кеткендей, қозғалыспен қатар дене бітімнің сұлулығы есепке алынады. * Әдемілікке бейжай қарай алмайтын ата-аналар үшін кеңес. Көркем гимнастикаға баланы 3-5 жастан берген жөн. Ондағы мақсат – буыны қатып үлгермеген бүлдіршіннің мүмкіндігін барынша аша түсу. Гимнастшылардың спорттық ғұмыры да тым қысқа. Өзгелер үлкен спортқа енді қадам басып немесе жұлдызы жанар шақта, спорттың бұл түрін серік еткендер бапкерлікке немесе спорттың басқа түріне, спорттық балетке бет бұрып жатады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
республикасы білім
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
рсетілетін қызмет
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
мерзімді жоспар
Қазақстан республикасының
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
бағалаудың тапсырмалары
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
Инклюзивті білім
нтізбелік тақырыптық
Зертханалық жұмыс
Әдістемелік кешені
білім берудің
республикасының білім
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
атындағы жалпы
қазақ тілінде
қазіргі заман
туралы хабарландыру