Тақырып: Негізгі бөлімді жазу
Қарастырылатын сұрақтар:
1.Негізгі бөлім туралы түсінік
Мақсаты:Негізгі бөлімді жазуды сипаттау. Негізгі бөлімді жазу үдерісін талқылау.
Кіріспе бөлімнен кейін эссенің тақырыбын талқылайтын, зерттеу сұрағына жауап беретін, негізгі тұжырымдар жазылады, ол әрине – негізі бөлім. Негізгі бөлім тақырыптың негізі болғандықтан көлемі жағынан барлық жұмыстың 88% қамтуы мүмкін. Негізгі бөлімді жазу үшін талқыланып, талданатын тұжырымдарды жоспарлап және оны жүйелеп алу қажет.
Ол үшін мынадай қарапайым жайттарды жүзеге асыруға тура келеді:
Зерттеу тақырыбына байланысты материалдарды жинақтау;
Материалдар ішінен тақырыпқа байланысты мағлұматтарды жазып алу немесе белгілеп қою;
Табылған материалдарды тақырыпша бойынша топтастыру;
Топтастырылған тақырыпшаларға қарай шағын жоспар құру.
Негізгі бөлім жоспарын құрап алмас бұрын жалпы жазылған жұмыстың жоспарын құрып алған дұрыс. Ол жазба жұмысының тақырыпқа және көлеміне сай жазылуына үлкен әсерін тигізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |