             Алматы облысы әкімдігінің
2014 жылғы «___» _______
№ ___ қаулысымен бекітілген
«Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру» мемлекеттік қызмет регламенті
-
Жалпы ережелер
1. «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру» мемлекеттік көрсететін қызметті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) беруші Алматы облысының жатақханалары бар техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары болып табылады, мекенжайлары және телефондары www.almaobledu-gov.kz. сайтында және осы Регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарының базасында жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 30 сәуірдегі № 423 қаулысымен бекітілген «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартының (бұдан әрі – стандарт) 1 қосымшасына сәйкес жатақхана алу туралы анықтама болып табылады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін ұсыну нысаны – қағаз түрінде.
-
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартының 2 қосымшасында белгіленген нысан бойынша өтініштің болуы негіздеме болып табылады.
5. Көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды алған сәттен бастап мемлекеттік қызметтің нәтижесін берген сәтке дейін мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін рәсімдердің (іс-қимылдардың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
1 - іс-қимыл – келіп түскен құжаттарды қабылдау және тіркеу, білім мекемесі басшысының қарауына беруі. 20 (жиырма) минуттан аспайды;
2 - іс-қимыл –білім мекемесі басшысының құжаттарды қарауы, қаралған құжаттарды орындау үшін оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына беруі 15 (он бес) минут ішінде;
3 - іс-қимыл – Стандарттың 9-тармағындағы талаптарға сәйкестігін оқу тәрбие-ісі жөніндегі орынбасардың қарауы, жатақхана алушыға жатақхана беру туралы анықтама дайындайды. 8 (күн) ішінде;
4 - іс-қимыл - білім мекемесі басшысының нәтижеге қол қоюы. 15 (он бес) минут ішінде;
5 - іс-қимыл – мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесінің көрсетілетін қызметті алушыға жолдануы. Жұмыс күні ішінде.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірілмейді.
6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет рәсімінің (іс-қимылының) нәтижесі құжаттарды білім мекемесінің басшысына қарауға беру және бұрыштама қойылған құжаттарды оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына беруі.
Оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасардың құжаттардың Стандарттың 9-тармағында көзделген талаптарға сәйкестігін қарауы және анықтама дайындауы. Білім мекемесі басшысының мемлекеттік қызмет нәтижесіне қол қоюы және білім мекемесі басшысының қолы қойылған нәтижені көрсетілетін қызметті алушыға жолдау болып табылады.
-
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесіне қатысатын құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) тізбесі:
1) білім мекемесінің іс жүргізушісі;
2) білім мекемесінің басшысы;
3) директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.
8. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті рәсімдердің (іс-қимылдардың) сипаттамасы:
1) Көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қабылдау және кіріс құжаттары журналына тіркеу және құжаттарды білім мекемесінің басшысына беруі. 20 (жиырма) минуттан аспайды;
2) білім мекемесі басшысының құжаттарды қарауы, құжаттарды оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына беруі. 15 (он бес) минут ішінде;
3) оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасар құжаттардың Стандарттың 9-тармағында көзделген қойылатын талаптарға сәйкестігін қарайды және жатақхана беру туралы анықтама дайындайды. 8 (сегіз) күн ішінде 20 (жиырма) минут ішінде;
4) Білім мекемесі басшысының қолы қойылған мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға жолдануы. 10 (он) жұмыс күні ішінде;
Рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау осы Регламенттің 1 қосымшасына сәйкес, әрбір рәсімді (іс-қимылды) өту анықтамалығында көрсетілген.
«Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру»
мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
Алматы облысының техникалық және кәсіптік білім беру мекемелері арқылы мемлекеттік қызмет көрсету
Директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Білім мекемесінің басшысы
Көрсетілетін қызметті алушы
Білім мекемесінің іс жүргізушісі
Құжаттарды тіркеу мен қабылдау
(арыз берген күні – 20 минут)
Құжаттарды қарау, құжаттарды директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына беру
(арыз берген күні 15 минут ішінде)
Көзделген талаптарға сәйкес қызмет алушының арыздарын қарау
(8 күн ішінде)
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті білім мекемесінің басшысына жолдау
(Қызметті алушының арызын қараған соң 15 минут ішінде).
Білім мекемесі басшысының қағаз жүзінде құжаттарға қол қоюы
(15 минут ішінде)
Қағаз түрінде қолхат беру
(жұмыс күні ішінде)
Шартты белгілер:
- мемлекеттік қызмет көрсетудің басталуы немесе аяқталуы;
- көрсетілетін қызметті алушы рәсімінің (іс-қимылының) және (немесе)
ҚФБ атауы;
- таңдау нұсқасы;
- келесі рәсімге (іс-қимылға) өту.
Достарыңызбен бөлісу: |