У 95 Микроорганизмдердің иммобилизденген клеткалары: Оқу құрал



Pdf көрінісі
бет3/47
Дата30.09.2021
өлшемі1.65 Mb.
#83219
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47
Байланысты:
ПОСОБИЕ ИК МО Кайырманова

энзимология  деп  аталады,  ал,  ферментті  және  полиферментті  комплекстерді 
өндірісте қолдану аспектілерін – инжерлік энзимология қарастырады.  
Ферменттер  белокты  зат  болғандықтан,  сақтауда  тұрақсыз,  жылулық 
әсерлерге сезімтал, бірнеше рет қолданылмайды, өйткені реагенттерден және 
өнімнен  қиын  ажыратылады.  Осы  мәселелердің  шешуі  –    иммобилизденген 
ферменттерді қолдану.  
Егер  XX  ғасырдың  60-шы  жылдары  иммобилизденген  ферменттердің 
мүмкіндіктері  туралы  жариялымдар  шығарыла  бастады,  тірі  микроб 
клеткалардың  теориялық  негізделген  иммобилизация  әдісі  70-шы  жылдары 
қарқынды  дамыды:  биохимия,  молекулалық  биология,  микроорганизмдердің 
физиологиясы және жаңа биотехнология саласының дамуымен байланысты. 
Термин 
«иммобилизденген 
ферменттер» 
1971 
ж. 
Инженерлік 
Энзимология  жетістіктеріне  арналған  1-ші  Халықаралық  конференцияда 
(Хенникер  қ.,  АҚШ)  ресми  түрінде  қабылданған  және  де  белокты 
молекуланың қандай болмасын қозғалысын шектеуін білдіреді.  
Қазіргі кезде, ферменттерді  кеңінен қолданып отырған елдер: Жапония, 
АҚШ, 
Англия, 
Чехословакия, 
Голландия, 
Германия. 
Жапонияда 
ферменттерді  қолданудың  қарқындап  дамуы  соншалық,  одан  түсетін  табыс 
ұлттық  бюджеттің  20  %-на  тең  келеді.  Мысалы,  нан  пісіру  саласында  бір 
тонна  қамырға  небәрі  300  г  фермент  қосқанда  оның  қабаруы  анағұрлым 
артады,  нанның  иісі,  дәмі  жақсарып,  тез  пісетін    болады.  Ферментті 
препараттар қамырдың ашуын тездету арқылы нан пісіруге кететін  уақытты 



25  %-ға  дейін  қысқартады.  Демек,  осы  үнемделген  уақыт  ішінде    тағы  да 
бірнеше мыңдаған тонна нан өндіруге болады. 
Иммобилизденген  ферменттер  біртіндеп  өте  тұрақтана  түседі:  айлар, 
тіпті  жылдар  бойы  әрекет  жасаған  иммобилизденген    ферменттер  белгілі, 
олар  іс  жүзінде  жақсы  химиялық  катализаторлардан  кем  емес.  Әдетте, 
клеткадан  бөлініп  алынған  бос  ферменттер,  қоршаған  ортаға  төзімсіз,  тез 
бұзылады,  өзінің  белсенділігін  жоғалтады  және  көп  сатылы  процестердің 
құны артады. 
Иммобилизделген ферменттер кең көлемде аминқышқылы, витаминдер, 
қант,  антибиотиктер  және  дәрілер  сияқты  аса  тапшы  азық-түліктің  және 
жемшөптік 
заттар 
өндірісінде 
қолданыла 
бастады. 
Қазіргі 
кезде, 
ферменттерді  қолданатын  кәсіпорындар  жүздеген  тонна  өнім  шығарады 
(Жапония,  АҚШ,  Германия).  Мұндай  кәсіпорындарда  ағаш  ұнтағын, 
сабанды,  мақта  сабағын,  өсімдік  қалдықтарын  глюкозаға  айналдырады  да, 
кейін  одан  жемшөптік  белок  немесе  этил  спиртін  алады.  Соңғы  жылдары 
ферменттер  тұрақсыз  болғандықтан,  өндірісте  кенінен  қолданысқа  ие  бағыт, 
ол 
қажетті 
ферменттерді 
синтездейтін 
микроорганизмдерді 
түрлі 
тасмалдаушы рөлін атқарады. 
Адам  жүйесінің  кей  ауруларды  емдеу  үшін  пепсин,  трипсин, 
химотрипсин  сияқты  протеолиттік  ферменттерді  қолданады,  оларды  арнайы 
орынға жеткізу үшін иммобилизденген ферменттер өте қолайлы және тиімді. 
Былғары  өндірісінде  мұндай  ферменттер  тері  өңдеу  үшін  және  былғары 
шикізатын жұмсарту үшін  қолданылады. 
Иммобилизделген ферменттердің нативті ферменттермен салыстырғанда 
елеулі  артықшылықтары  бар.  Мысалы,  олар  реакциялық  ортадан  оңай 
бөлінеді,  бұл  реакцияны  кез  келген  уақытта  тоқтатып,  катализатормен  
ластанбаған  өнімдерді  алуға  және  фермент  препаратын  бір  немесе  бірнеше 
рет пайдалануға мүмкіндік береді. 
Иммобилиздеуге  әртүрлі  жағдайдағы  клеткаларды  қолдануға  болады, 
яғни  тірі,  зақымданған  және  өлі.  Оларды  катализдейтін  реакцияның  түріне 
тәуелді таңдайды. Мысалы, әртүрлі ферменттердің қатысуымен жүретін және 
АТФ,  НАД,  НАДФ,  ФАД  т.б.  коферменттердің  қатысуымен  өтетін  көп 
кезеңді  реакцияларды  зақымданған,  тіпті  өлі  клеткалардың  көмегімен 
жүргізуге болады.  
Иммобилиздеу  әдістеріне  сәйкес  тасымалдаушыларын  іріктеп  алу 
ферменттердің арнайылығын көрсететін -  рН, температурасына  тәуелділігін, 
және  денатурациялаушы  әсерлерге  тұрақтылығы  сияқты  қасиеттерін 
мақсатты  түрде  өзгертуге  болады.  Бірақ,  ескерту  қажет,  иммобилизацияның 
қолдану  әдістері  клетканың  ферментативті  жүйесіне  әсер  етпеу  керек. 
Сондықтан  иммобилизация  жүргізгенде  биологиялық  объектілерге  стресстік 
әсерлерді (температура, осмос, т.б.) минимумға жеткізу немесе мүлдем алып 
тастау.  
Тасымалдаушылар 
ретінде 
ерімейтін 
материалдар 
қолданылады. 
Микроорганизмдер  клеткаларының  бекіну  қабілеті  нақты  шарттарға 
байланысты  тасмалдаушыларға  жабыстырылады,  бірақ,  ескеру  қажет, 



микроорганизмдер  клеткаларды  бекіту  үшін,  көбею  фазасында  алынған 
кезде,  яғни,  «бөлінетін»  дақылды  иммобилиздегенде  тасымалдаушы 
матрицасы  арқылы  клеткалардың  қоршаған  ортаға  шығуы  байқалады. 
Микроорганизмдердің  иммобилизденуі  қайтымсыз  және  уақытша  болуы 
мүмкін. 
1970-шы  жылдары  Mosbach  (Швеция)  күрделі,  көпсатылы  процесті  – 
стероидтердің  өзгертуін  полиакриламидты  гельге  (ПААГ)  иммобилизденген 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47




©www.melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақтың мақсаты
Сабақ тақырыбы
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
бағалауға арналған
Жалпы ережелер
Сабақ жоспары
Қазақстан республикасы
қызмет стандарты
бекіту туралы
жиынтық бағалауға
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
тоқсанға арналған
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасының
Реферат тақырыбы
арналған тапсырмалар
арналған жиынтық
білім беретін
бағдарламасына сәйкес
Әдістемелік кешені
болып табылады
мерзімді жоспар
бағалаудың тапсырмалары
туралы хабарландыру
Қазақстан тарихы
арналған әдістемелік
пәнінен тоқсанға
республикасының білім
сәйкес оқыту
Қазақ әдебиеті
Мектепке дейінгі
оқыту мақсаттары
қазақ тілінде
нтізбелік тақырыптық
жалпы білім
Жұмыс бағдарламасы
оқыту әдістемесі
білім берудің
Республикасы білім
әдістемелік ұсыныстар
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсан
туралы анықтама
тақырыптық жоспар
мамандығына арналған