У 95 Микроорганизмдердің иммобилизденген клеткалары: Оқу құрал



Pdf көрінісі
бет8/47
Дата30.09.2021
өлшемі1.65 Mb.
#83219
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   47
Байланысты:
ПОСОБИЕ ИК МО Кайырманова

Микрокапсулдеу әдісі. Микрокапсулдеу  тәсілі 1964 жылы  АҚШ ғалымы 
Т.М. 
Чанг 
ұсынған: 
ферменттің 
сулы 
ерітіндісі 
тұйықталған 
микрокапсуланың  ішіне  қосылады,  ал  микрокапсуланың  қабырғалары 
жартылай  өткізгіш  полимерлерден  құрастырылған.  Ферменттің  сулы 
микрокапсуласының  бетінде  мембрананың  пайда  болуының  механизімінің 


19 
бірі,  ол,  екі  қосылыстың  фазааралық  поликонденсациясы  -  оның  бірі  суда 
еріген,  екіншісі  -  органикалық  фазада.  Мысалы,  поликонденсация  жолымен 
фазалардың  бөліну  бетінде  гексаметиллендиамин-1.6  (сулы  фаза)  және 
себацион  қышқылының  голгенангидриді  (органикалық  фаза)  микро 
капсуланың  түзілуі.  Алынатын  капсулалардың  көлемі  10-100  микрометр,  ал 
мембрана қалыңдығы - микрометрдің жүзден бірі.  
Микрокапсулдеу  арқылы  сұйық,  газ  және  қатты  заттардың  азғантай 
мөлшерін  -  микроннан  миллиметрге  дейін  алуға  және  қолдануға  болады. 
Сондықтан  да  микрокапсулдау  ғылыми-техникалық  проблемаларды  халық 
шаруашылығының  көптеген  салаларында  жаңаша,  ұтымды  жолдармен 
шешуге әсер етіп отыр. 
Теориялық  анализ  бен  эксперименттік  зерттеулер,  мысалы,  химиялық 
тазалау  және  жуу  процестерінде  микрокапсулдік  препараттарды  қолдану 
перспективасы зор екенін айқын көрсетіп отыр. Оларға микрокапсула желімі 
қондырылған  маркаланған  ленталар,  дақ  кетіргіш  микрокапсулалар, 
микрокапсулалық  өрт  сөндіргіштер,  жуу,  ағартқыш  микрокапсулалары, 
кілем,  мебель  тазалауға  арналған  микрокапсулалар  жатады.  Әр  түрлі 
микрокапсулді  желімдер  шығарылады,  олар  суық  және    нүктелік  желімдеу 
әдісі  үшін  қолданылады.  Микрокапсулдік  желімдеу  әдісін,  әсіресе  аяқ 
киімдерді  жөндеу,  ұлтан  дайындау,  қалыпқа  салып  созу,  лактау  кездерінде 
кеңінен қолдануға болады. 
Тұрмыс 
техникасын 
жөндейтін 
мекемелерде 
микрокапсулдік 
герметиктер,  коррозия  ингибиторлары,  майлау  материалдары,  дақ-тоттарды 
кетіргіш  препараттар  кеңінен  қолданылады.  Үйді  жөндеу  кезінде  мысалы, 
микрокапсулді  желімі  бар  түсқағаздар,  линолеумдер,  жапқыш  материалдар 
қолдану, 
еңбек 
өнімділігін 
және 
сапасын 
әлдеқайда 
арттырады. 
Микрокапсулдеу  әдісін  шпаклевкалау,  жарықты  бітеу,  еденді  бояу, 
плиткаларды  желімдеу,  бояу  және  ақтау  жұмыстарында  да  қолдану 
перспективасы үлкен екені дәлелді. 
Микрокапсулдеу әдісінің артықшылығы: 
 қарапайымдылық;  
 универсалдылық;  
 нативті ферменті көп қайтара қолдану мүмкіндігі;  
 әдіс  арқылы  жеке  ферменттер  ғана  емес,  мультиэнзимді 
комплекстер,  толық  клеткалар  және  клеткалардың  жеке 
фрагменттерін иммобилиздеуге болады.  
Сонымен  қатар,  микрокапсулдеу  әдісінің  кемшілігі  -  капсулденген 
ферменттер жоғары молекулалы субстраттарды айналдыра алмауы. 
Мембранды  технология  әдістері.  Мембранды  технологияны  қолданып, 
жартылай  өткізгішті  мембраналармен  биореактордың  белгілі  бір  аймағында 
биомассаны жинақтау үшін бекітеді.  
Мембранды  технологияларда  келесідей  жүйелер  қолданылады:  жазық 
мембраналар,  борпылдық  қуысты  талшықтар  және  микрокапсулалар. 
Жартылай  өткізгіш  мембрананың  ішінде  иммобилизденген  клеткалардың 
нұсқасы берілген (Сурет 7).   


20 
 
 
 
Сурет 7 - Жартылай өткізгіш мембрананың ішінде иммобилизденген 
клеткалар 
 
Жартылай  өткізгіш  мембрананың  саңылаулары  маңызды  рөль  атқарады 
–  субстрат  және  өнімдер  өте  алатын  болуы  керек,  ал  клеткалар  бекінулі 
көлемде  ұсталынып  қалуы  қажет.  Бұл  жерде  клетка  тікелей  ортада 
тасымалдаушымен  тек  беттік  мембрананың  қабықшасы  арқылы  байланыста 
болады;  басқа  клеткалар  концентрациясы  айтарлықтар  жоғары  болмаған 
кезде, қозғалысында ешқандай қиындықтар болмайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   47




©www.melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақтың мақсаты
Сабақ тақырыбы
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
бағалауға арналған
Жалпы ережелер
Сабақ жоспары
Қазақстан республикасы
қызмет стандарты
бекіту туралы
жиынтық бағалауға
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
тоқсанға арналған
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасының
Реферат тақырыбы
арналған тапсырмалар
арналған жиынтық
білім беретін
бағдарламасына сәйкес
Әдістемелік кешені
болып табылады
мерзімді жоспар
бағалаудың тапсырмалары
туралы хабарландыру
Қазақстан тарихы
арналған әдістемелік
пәнінен тоқсанға
республикасының білім
сәйкес оқыту
Қазақ әдебиеті
Мектепке дейінгі
оқыту мақсаттары
қазақ тілінде
нтізбелік тақырыптық
жалпы білім
Жұмыс бағдарламасы
оқыту әдістемесі
білім берудің
Республикасы білім
әдістемелік ұсыныстар
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсан
туралы анықтама
тақырыптық жоспар
мамандығына арналған