Волонтерлық – ізгіліктің белгісі Аңдатпа



Дата28.01.2022
өлшемі21.63 Kb.
#159433
Байланысты:
статья
123456789, қазақ тілі ереже, Возвраты 1C, Сегіз қырлы, Документ Microsoft Word (16) (1)

Волонтерлық – ізгіліктің белгісі

Аңдатпа: мақалада волонтерлар қызметі, міндеттері мен мақсаттары туралы, сонымен қатар, Қазақстандағы волонтерлық қозғалыс туралы баяндалады.

Түйінді сөздер: волонтерлық қозғалыс, Волонтер жылы, ерікті, қайырымдылық, асар, тәжірибе, мейірімділік, тәрбиелеу, Біргеміз, волонтерлық бастамалар, қалалық штаб,
Волонтерлық – қоғамның немесе белгілі бір әлеуметтік топтардың пайдасына өз еркімен, сыйақысыз жүзеге асырылатын қызмет.

Волонтерлар жалғыз өзі және топ болып жұмыс істейді. Ол өз еріктерінде. Олардың негізгі айналысатын жұмыстары жетімдерге, мүгедектерге немесе қарттар үйіне барып оларға қолдарынан келгенше көмек көрсету. Ал олардың белгілі бір мереке кезінде қоғамға мемлекет мүддесі үшін өз еріктерімен көмекке келуі де «ерікті» әрекеті саналады.

Қазақ мәдениетінде ежелден келе жатқан дәстүрдің бүгінгі бір көрінісі бұл – еріктілер қоғамы. Биылғы жылды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы «Еріктілер жылы» деп жариялағаны мәлім. 

Халқымыз: «Жақсымын деп мақтанба, халық айтпай, Батырмын деп мақтанба, барып қайтпай» деген ұстанымды тұтқа еткен еріктілердің абзал істері үлкен құрметке ие. Қазақ мәдениеті салт-дәстүр мен ислам дінінің сабақтастығының түп-тамырын ұйыстырған рухани мінбер деп білемін.

Қайырымдылық қасиеті қазақ хал­қының болмысының ажырағысыз құрамдас бөлігі болса керек. Мысалы, бұрын ауыл-аймақта көрші-қолаң жиналып, мұқтаж жанға қолдарынан келгенше көмек көрсетіп, асар ұйымдастырған. Сондықтан да бүгінгі еріктілер дәстүр сабақтастығының бір көрінісі деп білемін. [1]

Қазақ халқында үлкен кісіге, ақ са­қалды қарияларға, ата мен анаға иіліп сәлем етіп, есік ашу, кебісін кигізу, жол беру, атқа отырғызу әдептері қанымызға сіңген ізгі, ізетті қасиеттер. Соның ішіндегі ең бір риясыз қызметтің түрі – асарлату дәстүрі.

Халқымыздың этнографиялық терең танымындағы «Асар» дәстүрінің бүгінгі заманауи көрінісі еріктілік деп түсінуге болады. Төл әдебиетіміздегі тұңғыш роман-эпопея «Абай жолында» ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы қазақ халқының өмірі, тіршілігі, тарихы, әдет-ғұрпы жан-жақты суреттеледі. Романның «Қияда» атты тарауында дана Абай жерінен айырылған, малынан ажыраған, жұтқа ұшыраған аш-арық халыққа жанашырлық, қайырымды әрекеттері баяндалады. «Ағайынға қайырым етіңдер» деген ұранды халыққа насихаттаған Абайға бүріскен мал мен жүдеген жандар үлкен ой салған еді.

Жұт деген жоқшылық, қысталаң, апат деген осындай боп кақ қасына келгенде, Абай ел тірлігінің барлық қайғылы сорын көрді. Малдары мен жандарының амандығы үшін ұлы ақынға алғыста­рын жаудырған ел қариялары енді біржолата жұттан құтылғандай көтеріліп қалғаны бар.

Ұлы Абай­дың өзі риясыз, ерікті түрде қоянның кеуегіндей оптың ішін паналаған жандарға жаны ашып, қазақ тарихының бедеріндегі еріктілердің ата дәстүрінің үлгісі ретінде көрінеді.

Тарихқа көз жүгіртсек, әлем ойшылдары үнемi сұлулық, береке, қайырымдылық сынды түсiнiктердiң мәнiн ұғынуға ұмтылды, кейiнiрек мұның бәрi «құндылық» ұғымына бiрiктiрiлдi. Әлем ойшылы әл-Фарабидің философиялық тұжырымдарында да қайырымды адамдардың қоғамы талданады. [2]

Волонтерлардың қайырымдылық, өзара көмек қолын созу сынды қасиеттері философиялық тұрғыда түсіндіріледі. «Ерік пен еркін таңдау арасындағы айырмашылық туралы»­ түсініктерді келтіреді. Мұнда:­ «Пайымдалатын нәрсеге талпыну дегеніміз, тұтас алғанда, ерікке еркіндік беру деген сөз. Түйсіктен немесе қиялдан туатын болса, онда бұл еркін ерік көрінісі деп бағаланады. Ал егер бұл толғанудан немесе пайымдаудан туатын болса,­ онда мұны нақ адамға тән, еркін таңдау деген жалпылама терминмен атайды.

Бақытқа жетуге көмектесетін еркін әрекет – тамаша әрекет. Мұны туғызатын әдет-ғұрып – қайырымдылық. Әл-Фараби ­бабамыз қайырымдылық оның өзі белгіленген, бірақ бақытқа жету мақсатынан туған жақсылық» дегені айтылады. Еріктілік – риясыз қызмет, қайырымды жандардың ізгілік жолындағы ізетті істері деп санаймын. Ұлы бабаларымыздың өмір сүру дәстүріндегі игілікті қызметтерді жалғастыру қай-қайсысымызға болса да аманат деп түсінер едім.

Қазақстанда 2020 жыл Волонтерлар жылы деп жарияланғаны белгілі. «Еріктілік - бұл мемлекет пен жалпы қоғам дамуының көрсеткіші. Елдің жетістіктері мен жеңістері күнделікті пайдалы және маңызды істерді орындайтын патриот азаматтардың белсенді әрекеттеріне тікелей байланысты. Бізде ондай азаматтар өте көп. Мен кем дегенде 100 мың, мүмкін миллиондаған адамдар, негізінен, өзінің жан дүниесімен, шын беріліп, өз еркімен, волонтерлықпен айналысуға дайын екендігіне сенімдімін. Мемлекеттің, атқарушы органдардың, сондай-ақ Парламент депутаттарының міндеті - еріктілер қозғалысына қатысуға көмектесу. Біз мұны жасаймыз, - деді ҚР Президенті. [4]

Сонымен, волонтер деген кім? Дерек бойынша волонтерлар дүние жүзінде кең таралып, әлемдік қозғалысқа, белсенді топқа айналды. Мәліметтерге сәйкес, бүгінде әлем бойынша 1 млрд жуық адам ерікті болып табылады.

Бірқатар елдерде ерікті болу қалыптасқан жағдай, олар үлкен құрметке ие. Себебі, жұрт оларды ерекше сыйлайды, құрметтейді. Келтірілген ақпаратқа қарағанда Франция халқының жартысына жуығы волонтер атанған. Сонымен қатар, Германия мен Жапонияда еріктілердің саны жылдан жылға көбейіп келеді екен.

Сонымен қатар, еріктілерге жан-жақты қолдау көрсету қарастырылады. Президент тапсырмасы бойынша оларға арнайы жеңілдіктер ұсынылады. Мысалы, енді еріктілердің жұмысы еңбек өтілі болып есептеледі. Сондай-ақ, волонтер студенттерге қосымша стипендия беріледі немесе пән кредиттерін жабуға рұқсат етіледі. Осы салада жұмыс істейтін үкіметтік емес ұйымдарға да қаржылай көмек беріледі. Осыған орай, әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру үшін 400-ден астам шағын грант бөлінеді. Әр гранттың құны 300 мың теңге көлемінде болмақ. Одан бөлек, әкімдерге жергілікті бюджеттен қосымша гранттар бөлу тапсырылды. Ал еңбегі ерекшеленген волонтерлер мемлекеттік наградаларға ұсынылатын болады. [3]

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша қоғамдық өмірге белсенді атсалысқан жастар өкілдері мен ұйымдарының еңбегін бағалау жолға қойылған. Елордалық волонтерлардың қызметін ынталандыру үшін волонтерлық ұйымдар мен топтарға 300 дана имидждік киімдер берілді. Қалалық қоғамдық көліктерде тегін жол жүруге арналған 450 карта таратылды.

Волонтерлық ұйымдардың, демеуші компаниялардың пандемия кезінде қолдау көрсеткені және волонтерлық қызметтің дамуына қосқан үлесі үшін 300-ден астам волонтерларға, қалалық штабтың меценаттарына ҚР Тұңғыш Президенті Н. Назарбаевтың алғыс хаты, 18 волонтерға Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың Алғыс хаттары табыс етілді. Сонымен қатар 2020 жылдың тамыз-қараша айлары аралығында 51 волонтер (жастар ұйымдары - 10, жеке кәсіпкерлер - 7, өнерлі жастар - 5, комуналдық қызметкерлер - 5, белсенді жастар - 24) «Халық алғысы» медальдарымен, 34 волонтер Нұр-Сұлтан қаласы әкімі А. Көлгіновтың Алғыс хаттарымен марапатталды.

«Астана жастары» КММ құрылғаннан бері жұмысының негізгі бағыттарының бірі – еріктілер қызметін дамыту. 2014 жылдан бастап орталық жастарды волонтерлар қатарына қабылдап, оларды оқытумен айналысады.

Волонтер жылы аясында «Астана жастары» жастар ресурстық орталығы негізінде Қалалық волонтерлар штабы құрылды. Қазіргі таңда штабта 5000-нан астам волонтер тіркелген.

Штабтың қызметі басқа жастармен және волонтерлық ұйымдармен бірлесіп жүзеге асады: «Nur Otan» партиясының «Jas Otan» ЖҚ, Қазақстан студенттері Альянсы, «Болашақ» ассоциациясы, Қазақстан халқы Ассамблеясы, «Qanat» ҚБ волонтерлық қозғалысы, «Jascongress» қайырымдылық қоры, Жоғалған адамдарды іздеу бойынша «Lider.kz» ҚБ волонтерлық қозғалысы, «Нұр-Әлем» қоғамдық-қайырымдылық қоры, «Добро Нур-Султан», сондай-ақ қаламыздың жас кәсіпкерлері.

«Birgemiz» жалпыұлттық жобасы негізгі 7 бағыттан тұрады: «Bilim», «Qamqor», «Sabaqtastyq», «Saulyq», «Taza Alem», «Asyl Mura», «Umit». Барлығы 5190 волонтер. Әр бағыт бойынша:

«Bilim» - 850 волонтер. Бұл бағыттың мақсаты: ауылдық жерлердегі орта мектептердің жоғары сынып оқушыларын ҰБТ-ға дайындау, ағылшын тіліне, компьютерлік және құқықтық сауаттылыққа оқыту бойынша волонтерлық көмек көрсету.

«Qamqor» - 1100 волонтер. Волонтерларды қарттар үйлеріне, халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарына тарту.

«Sabaqtastyq» - 440 волонтер. Балалар үйіндегі балаларға және халықты әлеуметтік қорғау жүйесіне әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарындағы өмірлік қиын жағдайда қалған жастарға, балаларға қатысты волонтерлардың тәлімгерлік тәжірибесін енгізу.

«Saulyq» - 1000 волонтер. Денсаулық сақтау саласына волонтерларды тарту, науқастарды күтуде, соның ішінде хоспистерде, онкологиялық диспансерлерде және т.б. көмек көрсету.

«Taza Alem» - 500. Қоршаған ортаны қорғау, өзендер мен ормандарды тазалау, ағаштар отырғызу, қоқыстарды іріктеуге үйрету

«Asyl Mura» - 400. Тарихи-мәдени мұра нысандарын сақтау бойынша волонтерларды тарту



«Umit» - 900. Жоғалған адамдарды іздеу, апаттар қауіпін төмендету, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жою бойынша, оның ішінде біздің отандастарымыздың Ұлы Отан соғысындағы ерліктері туралы баяндайтын құжаттарды іздестіру жөніндегі жобаларға волонтерлерді тарту. [5]

Қорытындылай келе, волонтерлік – бұл жай ғана әлеуметтік құбылыс емес. Тіпті, бір күнде қалыптасатын әдет немесе дағды деуге де болмайды. Бұл – көптеген адамдардың саналы түрде таңдаған өмір салты. Қайырымдылық – адамның бала кезінен бойға сіңетін қасиет. Сондықтан, өскелең ұрпақты жастайынан жақсылық жасауға тәрбиелеу – өте маңызды міндет.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
республикасы білім
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
рсетілетін қызмет
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
мерзімді жоспар
Қазақстан республикасының
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
бағалаудың тапсырмалары
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
Инклюзивті білім
нтізбелік тақырыптық
Зертханалық жұмыс
Әдістемелік кешені
білім берудің
республикасының білім
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
атындағы жалпы
қазақ тілінде
қазіргі заман
туралы хабарландыру