«Үздік білім лидері» интеллектуалды сайыс

Loading...


Дата26.07.2021
өлшемі21.59 Kb.

«Үздік білім лидері» интеллектуалды сайыс
Сайыстың мақсаты: Оқушыларды жаратылыстану бағытының физика, математика пәндерге деген қызығушылығын арттыру, батылдығын шыңдау, танымдық қабілеті мен білім деңгейлерін тексеру. Жылдамдыққа тәрбиелей отырып, сөйлеу қабілетін, мәдениетін, логикалық ой - өрісін дамыту, интеллектуалдық қабілетінің дамуына ықпал ету. Ойы жүйрік, танымдық деңгейі жоғары интелектуалдық оқушылардың дарынын ашу, белсенділіктерін арттыру, білімдерін көтеру. Туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, халықтың әдет - ғұрпын, салт - дәстүрін сақтап, оны әрі қарай жалғастыруға тәрбиелеу.
Тәрбие сағатының түрі: Сайыс
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, презентация
Пәнаралық байланыс: математика, физика, информатика.
Тәрбие сағатының жүрісі: «БӘЙГЕ», «ЖОРҒА», «ДОДА»
ҚАТЫСУШЫЛАР:
Армысыздар, құрметті қонақтар «Физика – математика» бөлімінің 1 курс арасындағы «Үздік білім лидері» атты интеллектуалдық сайысқа қош келдіңіздер!
Оқу білім азығы,
Білім ырыс қазығы – деген халық даналығының күн өткен сайын маңызы артып келеді. Ертеректе байлық төрт түлікпен, дүние мүлікпен өлшенсе, бүгінде жан байлығы басты орында.
«Білім теңіз түбіндегі, інжу маржан»-деп тегін айтылмаса керек. Тек бүгінгі өскелең ұрпақтың оқу білімге ұмтылысы рухани байлықтың иесі болуға ұмтылыс деп білем. Солардың бірі біздің ойыншылар, үздіксіз ізденіс пен ұдайы ұмтылыс, оқушыларды білім бәйгесінде біріктірді. Өмірде дос, ойында қарсылас болған сайыскерлер, сайысқа сақадай сай. Біз ойынымызды бастаймыз!
Алдымен ойыншыларымызды таныстырып өтейін:
«Физика - математика» бөлімінің М-Л-14 тобының студенті
1. Жұбатқан Ақерке
2. Ербулат Ұлмекен
3. Төлегенова Лаура
4. Мырзахан Жадыра
5. Шыңбай Ердәулет
«Физика - математика» бөлімінің Ф-З-14 тобының студенті
1. Қалабаева Малика
2. Барлыбай Нұрбану
3. Қожаахмет Алтынай
4. Өмірәлі Дамира
5. Сайлаубай Жолдыбек

ӘДІЛҚАЗЫЛАРДЫ САЙЛАУ, ТАНЫСТЫРУ


I – тур «БӘЙГЕ»
Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер –
деп білімді сарапқа салар сәтті бастайық, қане, көрелік, алғашқы бөлімімізде ойыншыларымыз өздерін қалай ұстар екен...
Ойын шарты:
1. Мұнда барлық сайыскерлерге ортақ физика, математикадан 10 сұрақ беріледі.
2. Әр сұрақтың 3 жауап нұсқасы бар.
3. 5 секунд ішінде қойылған сұрақтың жауабын қолдарындағы параққа белгілеп тұрасыңдар. Яғни алдарындағы карточкаға дұрыс жауап тұсына «+» белгісін қойындар. Әр дұрыс жауап 1 ұпай.
4. «Бәйгенің» сұрақтары оқылып болғаннан кейін сайыскерлердің ұпайлары есептелінеді..
Тест сұрақтары:

1. Тұрақты көлемімен нақты пішіні болмайтын күй:


A) тек газ.
B) тек сұйық.
C) тек қатты дене.
Дұрыс жауап: А
2. Стақандағы тұзды суда сондай судан мұз кесегі жүзіп жүр. Сұйықтың температурасы тұрақты. Мұз ерігеннен кейінгі судың деңгейі ...
A) алдымен төмендейді, сосын жоғарылайды
B) алдымен жоғарылайды, сосын төмендейді
C) өзгермейді
Дұрыс жауап: С
3. Қысым анықталатын формула:
A) .
B) .
C) .
Дұрыс жауап: А
4. Дененің кинетикалық энергиясы тәуелді
A) тек дененің массасына.
B) тек дененің жылдамдығына.
C) дененің жылдамдығы мен массасына.
Дұрыс жауап: С
5. Нөлдік деңгейден h биіктікке көтерілген дененің потенциалдық энергиясы…
A) .
B)
C) .
Дұрыс жауап: В
6. Шеңбердің диаметрі неше радиусқа тең?
А) 1 Б) 3С) 2
Дұрыс жауап: С
7. Ең кіші үш таңбалы сан
А) 999 В) 100 С) 101
Дұрыс жауап: В
8. 640 саны 5 – ке бөліне ме?
А) ия Б) жоқ С) екеуі де емес
Дұрыс жауап: А
9. Өрнекті ықшамдаңыз: (1- )(1+ )+5
A) 3
B) 2
C) 9
Дұрыс жауап: А
10. Жұмысшы жалақының 11 % жұмсағаннан кейін 7120 теңге қалды. Жұмысшы қандай жалақы алғанын есептеңіз.
A) 9000 теңге
B) 10000 теңге
C) 8000 теңге
Дұрыс жауап: С

IІ – тур «ЖОРҒА»


«Білгенін бір тоғыз, білмегенін тоқсан тоғыз» Осы турда сайыскерлеріміздің білімін, таным қабілетінің жан-жақтылығын сынайтын кез жетті. Осы сайыс соңында студенттер іріктелді.
Шарты:
1. Осы сайыста әр балаға 3 сұрақ қойылады. Уақыт 5 секунт
2. Әр сұраққа жауап берсе ойыншы (он) 10 ұпайды иеленеді.
3. Ойыншының жауабы жоқ болған жағдайда, қарсыластар қатысуына болады. Қарсыластар жауап берген жағдайда (бес) 5 ұпайды иеленеді.
4. Бұл турда, алдынғы турда жинаған ұпайларын қосып, ойыншылар іріктелінеді.
Физикадан сұрақтар:
1. Кіші поршеньге 40 Н күш әсер етеді. Гидравликалық машинаның күштен 20 есе ұтыс беретін үлкен поршеніне әсер ететін күш...
Жауабы: 800 Н.
2. Белгілі бір уақыт мезетіндегі және траекторияның белгілі бір нүктесіндегі жылдамдық
Жауабы: Лездік жылдамдық.
3. Денелер бір-біріне бір түзудің бойымен, модульдері бойынша тең және бағыты жағынан қарама-қарсы күштермен әрекет етеді.
Жауабы: Ньютонның үшінші заңы
4. Модулі жанасатын беттерді бір- біріне қысып басатын нормаль қысым күшінің модуліне тура пропорционал
Жауабы: Сырғанау үйкеліс күші
5. Үшінші параметрдің мәні өзгермейтін әрі газдың массасы тұрақты болғанда, қалған екі параметрдің арасындағы сандық тәуелділік
Жауабы: Газ заңдары
6. Тұрақты температурада термодинамикалық жүйе күйінің өзгеру процесі
Жауабы: изотермиялық процесс
7. Массасы 60 т танктың Жерге түсіретін қысымын анықта,оның шынжыр табанының ауданы 1,5 м2.
Жауабы: 2•105 Па
8. Атмосфералық қысым 750 мм.сын.бағ. тең. Торричелли түтікшесіндегі сынап бағанының биіктігі...
Жауабы: 750 мм
9. Молекулалы-кинетикалық теориясының негізгі қағидалары:
Жауабы: Барлық заттар арасындарбос аралықтары бар кіші бөлшектердің (молекулалардың) ғаламат мол санынан тұрады. Молекулалар ретсіз (жылулық) қозғалыста болады
10. Қозғалтқыш орындаған жұмыстың жылытқыштан алған жұмыс денесінің жылу мөлшеріне қатынасы...
Жауабы: ПӘК
11. Термодинамикалық процестерде қолданылатын энергияның сақталуы мен түрленуін өрнектейтін шама...
Жауабы: Термодинамиканың бірінші заңы
12. Газға берілетін барлық жылу мөлшері ішкі энергияның артуы мен сыртқы күшке қарсы істелетін жұмысқа жұмсалатын процесс...
Жауабы: Изобаралық процесс
13. Идеал газ қысымы көлем бірлігіндегі молекулалар санына молекула массасына молекулалар қозғалысының орташа жылдамдығының квадратына тура пропорционал...
Жауабы:Газдардың молекулалы-кинетикалық теориясының негізгі теңдеуі
14. Кіші поршеньге 40 Н күш әсер етеді. Гидравликалық машинаның күштен 20 есе ұтыс беретін үлкен поршеніне әсер ететін күш...
Жауабы: 800Н
15. Тығыздығы 1000 кг/м3 сұйықтықтың ішіндегі, 200 мм тереңдіктегі қысымы.
Жауабы: 2000 Па
Математикадан сұрақтар

1. 3кг алма мен 2кг өрік 96 теңге тұрады өріктің кг 2 теңгеге арзан, алма мен өріктің бағалары қанша?


Жауабы: 1кг алма 20 теңге, 1кг өрік 18 теңге
2. Әрбір әріппен бір цифрды белгілейді. Ұқсас әріптерді сол бірдей цифрменен белгілейді.Анықтаңызшы осы жазбаны

а) АВ х А = CCC


Жауабы: 37х3=111

б) МННН- ККК = М

Жауабы : 1000-999 =1

4.
,


Т 100 У (түзу)

5.
6.


7.
8. Мұғалім ойланған санына 1242-ні қосқанда 3130 шықты. Мұғалімнің ойланған санын тап.
9. Қандай санға 37 мен 42-нің көбейтіндісін қосқанда 2031 шығады.
10. Ұзындығы қандай тік төртбұрыштың ені 2 см болғандағ периметрі 20см болады.
11. Азат. Фархат, Қанат және Мұрат өзеннің арғы жағасына өтпекші болды. Қайық 60 килограмнан артық жүк көтермейді. Азат 35 кг, Фархат 28 кг, Қанат 29 кг, ар Мұрат 30 кг тартады. Балалар өзеннің арғы бетіне қалай өтеді?
12. Төртбұрыштардың түрлері
13. Егер үшбұрыштың қабырғалары а,в,с –ға тең болса, ауданын қалай табуға болады.
14.

Жүргізуші: Міне біздің үшінші турымызда өз мәресіне жетті. Өкінішке орай бұл турда ұпайлары жоғары төрт оқушы қалады. Қалған алты оқушы көңілдеріне қаяу түспесін ойынға ат салысып қатысқандарыңызға рақмет сіздермен қоштасамыз. Сіздерге болашақта сәттілік тілеймін!

IІІ - тур «ДОДА»

Қажу барма тұлпарға,


Талу бар ма сұңқарға.
Білім күшті оларда
Салсын барын ортаға.
Шарты: Бұл шешуші тур, яғни көшбасшыны анықтайтын тур. Алдарында төрт тақырып: «математика әлемі», «Физика әлемі», «Логикалық сұрақтар.», «Тарихи хронология». Әр тақырып бес сұрақтан тұрады. Таңдаған ұяшық саны ұпай санын білдіреді. Сан үлкейген сайын сұрақ күрделене түседі. Сайыскерлерге сәттілік тілеймін.
(Ескерту: Әр тақырыптан таңдаған санды ашқан соң сол санды басып кері қайту керек.)
Салт - дәстүр 20. 30. 40. 50
Ең, ең...
Логика
Еркін тақырып
Сұрақтар слайдта берілген

Жүргізуші: Сайыскерлеріміздің ұпай сандары дайын болса, сөз кезеңін әділ - қазы алқасына береміз.


«Үздік білім лидері» атанған.................................................... осы дипломмен марапатталады.

Жүргізуші: Оқушыларымыздың білімін, санасын, оқуға деген құштарлығын оятатын интеллектуалдық сайысымыз көбейе берсін. Көріп тамашалағандарыңызға көп - көп рахмет.


Дененің кинетикалық энергиясы тәуелді
Ж) дененің жылдамдығы мен массасына.
Пойыз жолдағы t уақыттың жартысын 70 км/сағ жылдамдықпен, ал екінші жартысын 30 км/сағ жылдамдықпен жүріп өтті. Орташа жылдамдығы
Ж:
Тұйық жүйе құрайтын және бір-бірімен ауырлық күші мен серпімділік күш арқылы әрекеттесетін денелердің...
Ж: кинетикалық және потенциалдық энергияларының қосындысы тұрақты болады.
4Н күштің әсерінен 0,5 м/с2 үдеу алған дененің массасы

1. тең қабырғалары үшбұрыштың қабырғасы 8 см. Үшбұрыштың биіктігін табу керек.


Жауаптары:
2. АВСD параллелограмның диагональдары АС және ВD 8см және 6см-ге тең, АВ қабырғасы 5 см тең. Параллелограмның түрін анықтау керек.
Жауабы: ромб
3. 100 және 90 сандарды бір санға бөлді. Бірінші жағдайда қалдығы 4, ал екінші жағдайда қалдығы 18 тең. Қай санға бөлдік.
Жауабы: 24 (100-4=96 90-18=72 ортақ бөлінді 96 және 72 сандардың тең 24 бөлінді 18 жоғары болу керек)
4. жұлдызшылардың орнында қандай сан тұр?
* * * * -* * *=1

5. цифрларды қозғалтып дұрыс теңдік шығар:


83-17=21
13-2=33
6. әріптердің орнына сан қою керек
а*с*ас=ccc
7. Класста 30 оқушы. әрқайсыс өлен айтады және билейді. Белгілі, 17 оқушы өлең айтады , ал 19 оқушы билейді. Неше оқушы билейді де өлең айтады
( 6 оқушы)
8. сыныпта әр оқушы ағылшын және француз тілін оқиды. Ағылшын тілін 25 оқушы, ал француз тілін 27 оқушы оқиді. Екі тілді оқитындар 18 оқушы. Сыныпта неше оқушы.
(34 оқушы)
9. Тек қосу таңбасын пайдаланып сегіз сегіздіктен 1000-ды құрастыру керек.
888+88+8+8+8=1000
10. Екі ондықты үш ондыққа көбейтсе неше ондық шығады.
60 ондық

11. егер х=376, х2-36х+63 мәнін есепте


жауабы: 100
12. Тең бүйірлі үшбұрыштың периметрі 14 см.-ге тең. Қабырғаларының біреуі үш есе үлкен қалғандарынан. Үшбұрыштың қабырғаларын табу керек.
жауабы: 2 см, 6 см және 6 см
13. екі тең емес сандардың ең үлкен ортақ бөліндісі олардың айырмасынан үлкен бола ма?
Жауабы: жоқ
14. есептеңіз:
жауабы: 70

Достарыңызбен бөлісу:
Loading...




©www.melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
Сабақ тақырыбы
жиынтық бағалау
ғылым министрлігі
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
тоқсан бойынша
қызмет стандарты
бекіту туралы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Әдістемелік кешені
тоқсанға арналған
туралы хабарландыру
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
жиынтық бағалауға
арналған жиынтық
бағалау тапсырмалары
білім беретін
арналған тапсырмалар
республикасы білім
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
пәнінен тоқсанға
Қазақстан тарихы
Жұмыс бағдарламасы
арналған әдістемелік
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
туралы анықтама
мамандығына арналған
Қазақ әдебиеті
Мектепке дейінгі
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
мемлекеттік әкімшілік
нтізбелік тақырыптық
оқыту әдістемесі
жалпы конкурс
болып табылады
қатысушыларға қойылатын
Қазақстан облысы
мамандығы бойынша
әдістемелік кешені
жалпы білім
Сабақ мақсаты

Loading...